Қарағанды қаласындағы 34 ЖББ ОМ-де тағылымды кездесу болды

0
765

Мектеп директоры Берлибеков Жанат Мадениетұлы жылы жүзбен қарсы алып, мектепте болып жатқан жаңалықтарымен бөлісті. Білім ордасында қазақ сыныптарының көптеп ашылып жатқаны көз қуантады.

Мектеп басшысы білім ордасының тағы бір ерекшелігіне тоқталды, оқушыларды қабілетіне байланысты пәндерді тереңдетіп оқытуға, яғни бейімдеп оқыту ісі дұрыс жолға қойылғанын айтты. Бұл өз кезегінде білім алушылардың болашақта мамандық таңдауда оң септігін тигізері айдан анық. 1200 оқушысы бар бұл мектепте қазіргі пандемияға байланысты оқушыларға білім беру жүйесіне де мектеп басшысы ерекше көңіл бөліп, ұстаздарға талап қойып барлық оқушылармен тығыз байланыс жасайтынын айтты. Бұл мектеп басшысының ұйымдастырушылық қырының жемісі екендігі даусыз. Өз шəкірттеріне деген сүйіспеншілігін байқаймыз. Кездесуді мектеп директоры Б.Ж.Мадениетұлы ашып берді. Осы кездесуге ерекше атсалысып жүрген кітапханашыларға Жолдыбекова Гүльжанат Аманқызы, Нафталова Назира Кенесқызына алғысым шексіз. Тілге ерекше мəн беретін ұлтжанды ұстаз Сламбекова Замзагул Орынбасарқызы “Тіл мәртебесі-ел мерейі”деген өзі шығарған өлеңін мәнерлеп оқып берді. 4 “ə” сынып оқушылары Қапбас Дамир, Ундирбекова Аида, Амантайқызы Анел, Абдалиева Адиля, Нұржанова Назым өздері шығарған өлеңдерін оқып алдағы уақытта осы өлеңдерін “Мөлдір бұлақ” журналына шығарсаңыздар деген өтініштерін білдірді.

 

Əрине бұндай талантарды біздің журналымыз жариялауға дайын екенін айтып оқушылардың мерейін арттырып қойдым. Бұл мектептің ұстаздары мен оқушылары шығармашылыққа жақын екенін өнерлерімен көрсетіп берді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бухарбаева Замзагул Газизқызы оқушылардың шабыт алғанын, алдағы уақытта тығыз байланыста болатынын және оқырмандарыңыз көп болсын деген тілегін айтты.

 

 

 

Оқушылармен, ұстаздармен естелікке фотаға түсіп, қимай қоштастық. Қаракөз қазақ балалары тұрғанда талай мөлдір бұлақтың қайнар көзі ашылады деген сенімім арта түсті.

Қанат Есжанов

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.