Ұлтын құртқың келсе, әйелін мақта!

0
166

Кезінде ХVIII-XIX ғасырда Еуропадағы алға кетіп бара жатқан француз ұлтын, Франция мемлекетін жою үшін олардың әйелдерін, қыздарын мақтады. «Әлемдегі ең сұлу солар» деп өтірік лақапты жер бетіне таратты. Парфюмериясын асыра мақтап, тіпті Париж қаласын «махаббат қаласы» (ордасы) деп асыра сілтеген. Сөйтіп француз ұлтының тамырына балта шапты. Қыздары, жесірлері әр ұлтпен некелесіп қан, тек бұзылды.

Иә, ұлт тағдыры әйелге байланысты. Ал қазір не болды? Францияда француз ұлты некен-саяқ, тіпті таппайсың, келімсектер қаптап жүр.

Одан кейін Азиядағы алға кетіп бара жатқан жапон ұлтын, Жапония мемлекетін жою үшін жапон қыздарын, әйелдерін мақтап «әлемдегі ең сұлу солар» деп жапондарға ауыз салып еді, бірақ олардың мемлекеті қарсы тұрды. Қыздарын, жесірлерін басқа ұлтқа некелестірмеді, бермеді.

Қазір соңғы 15 жылда Қазақстанға ауыз салды. Қазақ қыздарын мақтап жатыр. Не болса да уақыт көрсетер. Бірақ қазақ қыздары өте аз. Онсыз да өзге ұлттың құшағында кетіп жатқан қазақ қыздарына жүрегің ауырады. Текті қазақ қыздарының жалаңаштанып, əлем халқының алдында тəнін көрсетуі бұл қуантарлық жайт емес.

Кезінде осы қазақ қызының ар-намысы үшін талай қан төкті ғой ата-бабаларымыз. Сол сияқты бір деректі айта кеткенді жөн көріп отырмын. Бірде «Әлем аруы» Францияда өтіп жатқан кезінде Түркиядан жарысқа келген ару ортаға іш киіммен шыққан кезінде, қазылардың біреуі күліп жіберіпті. Сонда қасындағылар: «Сен неге күліп отырсың?» дегенде айтқан жауабы: «Кезінде осылардың атасы Сүлеймен Францияда сүйісіп амандасқанымыз үшін бізге соғыс ашып біздерді жазалаған еді. Біздер мұсылмандардың тақуалығына таң қалған едік. Қазір міне сол Сүлейменнің ұрпағы алдымызда шешініп тұр. Сонда бұлардың тақуалығы қайда кеткен? Тақуалығы қалмапты ғой» деп жауап берген екен.

Бұл қазақ қыздары үшін де үлкен сынақ. Есіңді жишы, қазақ қызы! Ұлттың болашағы сенің қолыңда. Сенің сұлулығыңды көруге лайық жалғыз жан, ол сенің Алла қосқан қосағың! Өтірік мақтау мен арбаудың астында қалып кетпейік, қазағым!

 

Назерке Сексенбайқызы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.