Жамбылдық оқушылар онлайн байқау жеңімпазы

0
130

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Абай әлемі» атты шығармашылық онлайн-байқау өтті, – деп хабарлайды «Qazdauiri.kz» сайты.

Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан «Абай әлемі» атты республикалық шығармашылық байқауы өткізілді. Байқау Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде және ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты: Кемеңгер Абайдың ақындық болмысына терең үңілуге, оның шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау; зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту; Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады. Байқауды Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының ұйымдастыруымен өткізілді. Байқау екі номинация бойынша өткізілді. 1) “Жүрегімнің түбіне терең бойла” атты эссе жазу бағыты. 2) “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” атты ақындар сайысы. Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған байқауға Жамбыл облысынан 12 оқушы қатысып, 7-уі жеңімпаз атанды. Байқауда оқушылар Абайдың шығармашылығы туралы эссе жазып, арнау өлеңдерін оқыды. Байқау қорытындысы бойынша «Жүрегімнің түбіне терең бойла…» эссе жазу номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен Т.Рысқұлов ауданындағы Абай орта мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрдосұлы Елнұр, ІІІ дәрежелі дипломмен Жамбыл ауданындағы Б.Беспаев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сауран Гүлзат, Меркі ауданындағы Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Уайс Гүлім және Талас ауданындағы Ә.Сағынтаев атындағы орта мектебінің оқушысы 11-сынып Сәрсенбек Ерзат марапатталды. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» аталымы бойынша І дәрежелі дипломмен Байзақ ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясының 9-сынып оқушысы Искаков Сәбит, ІІ дәрежелі дипломмен Талас ауданындағы Д.Қонаев атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Бармеш Аружан және ІІІ дәрежелі дипломмен Т.Рысқұлов ауданындағы Жамбыл орта мектебінің 8-сынып оқушысы Тынышбек Дәулет марапатталды. Сонымен қатар, шығармашылық қабілетімен көзге түскен оқушылар Алғыс хатпен марапатталды.

 

Бекнұр Сатыбалдиев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.