Шығыстың қайсар қызы Сәбира

0
127

Бұл  көтеріліске қатысқандар 1990 жылдардың  бас кезінен бастап ақтала бастады. Осындай  бас көтеріп, алаңға шыққан  жастарымызға «ұлтшылдық  көрініс» деп берілген саяси бағаның қате тұжырым екені мойындалды. Ал осы оқиғаның бел ортасында болғандарды «Қазақстанның тәуелсіздігі үшін  күрескендер» деп те атап жүр. Бұл оқиғаны нақты зерттеп жүргендер сирек. Өйткені желтоқсан оқиғасына байланысты қарама-қайшы  деректер жиі кездеседі.

Кезінде Қазақстан қалаларында  бас көтерулер  болды. Соның бірі Өскемен қаласындағы студент жастардың  да алаңға шығуы еді. Сол жастарымыздың  бірі Өскемен педагогикалық  училищесінде оқып жатқан  желтоқсан құрбаны 16 жастағы  Сәбира Мұхаметжанова болатын. Өскеменде бірге оқыған құрбылары былай еске алады. Бізде Алматыдағы ереуіл туралы ел аузынан естіп білдік. Қазақ елін басқаруға  Д.Қонаевтан кейін жатжұрттық Колбин деген адам келгені жайлы хабардар болып, оған қарсы екенімізді білдіруге жасырын түрде сабаққа барамыз деп өтірік айтып қашып өрімдей қыз-жігіттер алаңға шықтық дейді. Алайда  алаңға келген кезде тәртіп сақшылары жастардың басын қоспай аязда су шашып сес көрсетіп бізді қуады. Сол кезде оқу орындарына тәртіп сақшылыры келіп алаңға шыққан жастарды қыспаққа алып, оқудан шығасыңдар деп ата-аналарымызды шақыртты. Бізді жатақхананың бірінші  қабатында тексеріп жатқанда қыздардың көбі жылап «не айтамыз, оқудан шығаратын болды ғой» деп тұрғанда, Сәбира алға шығып «Қорықпаңдар! Барлығын бастаған менмін деп айтамын, сендерге ештеңе болмайды» деді. Сабира болса тергеуге кірген де, «барлығын бастаған мен едім, олардың жазығы жоқ. Мен бұл ісіме ешқандай өкінбеймін, қыз-жігіттердің кінәсі жоқ» депті өр мінезімен.  Бөлмесіне кіре салып терезенің алдына шығып секіріп кеткен. Тергеудің қыспағынан кейін барлық  жайттарды өз мойнына алып, осылайша 16 жасында  қыршын  кетеді.  «Балаңыз ұлтшыл, Советтік қоғамға қарсы шықты, оқудан шығарылады» деген сөздерді алға тартып анасын шақыртты. Анасы қызын тірідей көре алмай, тек денесін ауылға жерлеуге алып қайтады. Сол кезде анасы  жылап-жылап: «Қызым жоқ енді. Ана оқудан шығарған 7 жігітті қайта алсын, мен артын қудаламаймын» деп оқудан шыққан балаларды қайта оқуға қабылдатады. Осының өзінде анасына қарап қандай отбасынан шыққанын білуге болады. Анасы қайғы жамылып тұрып ер мінезін көрсетіп кетті.  Қазақтың намыс үшін жанын пида еткен жас өрім батыр қызы кім, қандай отбасынан шыққан еді деп ойланасың. Бірақ Сабираның қазасы отбасына  оңай болған жоқ, жанұя мүшелері күйзеліске түсіп, бірнен соң бірі дүние салады. Ата-анасы, екі ағасы, бір апайы келмеске кетеді. Қазір бұл жанұяның бір мүшесі Мұхаметжанов Мұратхан ағасы ғана тірі. Ағасы шаңырақта 5 адамның  жаназасы шықан соң, қара шаңыраққа құлып салып көрші ауылға кетіп қалған.

Сәбира Өскемен қаласынан 400 шақырым жердегі Тарбағатай  ауданы, Ақмектеп ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде Сәбира  барлық қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, озат оқушы болған. Сәбираны оқытқан мұғалімдері, бірге оқыған құрбы-құрдастары өте алғыр, ұйымшыл, кішіпейіл, білімді болған деп еске алады. Оқып жүрген мектепте де, оқуға түскен педагогикалық училище тобында да староста жұмысын атқарған. Желтоқсан батырларымен бірге «Желтоқсанда үзілген қызғалдақ» деген мектеп бағдарламасында кезінде 4 сыныптың әдебиет кітабында  оқытылатын. Қазіргі кезде ол да бағдарламадан алынып тасталған деп ауылдастары кейіп еске алады. Ал ауылында Сәбираға арналып ескерткіш орнатқан. Бұл мектепке «Сәбираның атын беріп, өскен үйін мұражай жасап, келешек ұрпаққа дәріптесе» деп ауыл тұрғындары көкейде жүрген ойларын айтып жүр.

 

Аяужан Салихова,

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу
Алдыңғы мақалаБатыр аға, аман бол!
Келесі мақаладаЖан жарасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.