Азық-түлік арзанға сатылатын дүкен

0
108

Qazdauiri.kz сайтының хабарлауынша Тараз қаласында әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасын тұрақтандыру мақсатында жыл соңына дейін әлеуметтік павильондар санын 6-дан 17-ге дейін арттыру жоспарланған. Оның үшеуі Тәуелсіздік күні тұтынушыларға есігін айқара ашты.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа ашылған павильондарға арнайы бас сұғып, танысты.

Коммуналдық дүкендерге 16 өндірушілердің өнімдері жеткізіледі. Мұндағы бағалар нарықтағыдан 10-20 пайызға төмен. Мәселен, тұрақтандыру қорының павильонындағы бірінші сұрыпты ұнның келісін 143 теңгеден, қант құмын – 190, картопты – 95, өсімдік майының литрі – 420, бір бөлке нанды – 55 теңгеге сатып алуға болады.

 

 

– Біз мүмкіндігінше жергілікті шаруа қожалықтарын көптеп тартып, жеткізілім желісіндегі қажет емес буындарды, яғни делдалдарды алып тастауымыз керек. Бағаны тұрақтандырудын негізгі әдісі – осы. Дүкендер барлық тұрғындарға, ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал тобындағы адамдарға қол жетімді болу үшін қаланың барлық бөлігінде орналасуы тиіс, – деп облыс әкімі «Тараз-ӘКК» ҰК» АҚ мен ауылшаруашылық басқармасына тиісті тапсырма жүктеді.

 

 

Тұрғындардың шағымдары туындамас үшін, әр дүкенде тауарлардың бағасы мен жауапты мамандардың нөмірлері жазылған стендтер орнатылған.

– Көп нәрсе сатушыларға байланысты. Олар мәдениетті болып, әр тұтынушыға көмектесуі керек. Тұрғындар коммуналдық дүкендердің барлық артықшылықтары туралы білуі тиіс, – деді Бердібек Сапарбаев.

Аймақ басшысы тауарлардың бағасын тексеріп, сатушыларды және алушыларды әңгімеге тартты. Тұрғындар бағаны тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар үшін облыс басшылығына ризашылықтарын білдірді.

 

 

– Тиімді бағада азық-түлік сатып алғаныма қуаныштымын. Енді мерекелік дастарханды әзірлеу үшін үйге асығудамын. Базардағы баға шарықтап тұр. Ол қарапайым халыққа оңай соғып жатқан жоқ. Әсіресе әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға қиын. Тапқан табысы біріне жетсе, біріне жетпейді. Осы тұрғыда мына дүкеннің ашылғаны бізге өте ыңғайлы. Алдағы уақытта да әлеуметтік дүкендер қатары арта берсе екен. Сонымен қатар бұл дүкендердегі тауарлардың тек бағасына ғана емес сапасына да мән берсеңіздер, – дейді көпбалалы ана Айнагүл Еспенбетова.

Айта кету керек, облыстың барлық аудандарында қосымша 10 әлеуметтік павильон ашылуда.

 

Бекнұр Сатыбалдиев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.