«Қазақстанның Алтын кітабына» енген азамат

0
150

Республикалық «ORDA.kz» баспа үйінің әр аймақтағы асыл жүректі жандар туралы «Қазақстанның Алтын кітабы» энциклопедиясы жарыққа шықты. Бұл жинаққа әріптесіміз, БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/2 мекемесінің аға теолог-инспекторы, әділет лейтенанты Ержан Жұмағожиевтің есімі де енген.
Бұл – біз үшін зор мақтаныш. Ел іргесінің берік қалануы, әр бастамасының нәтижелі болуы – әрбір перзентінің іс-әрекетімен өлшенбек. Елге қызмет етіп, биік белеске көтеріліп, жетістікке жеткен жандардың болмыс-бітімі, еңбегі – кейінгі ұрпаққа үлгі.
Аталмыш жинақта әріптесіміз Ержан Ергенұлының облысымыздағы айтулы дінтанушы ұстаз екені, бұл салаға адал еңбек еткені айтылған. Облыс, аудан, ауыл тұрғындарының діни сауаттылығын арттыруға, ұрпақ тәрбиесіне, ұлт тәрбиесіне қосқан сүбелі үлесі сөз болған. Ержан Жұмағожиев құқық қорғау саласында, соның ішінде біздің мекемемізде 2019 жылдың тамыз айынан бастап абыройлы еңбек етуде. 2006 жылы іргелі жоғары оқу орны – М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-ды тәмамдаған кейіпкеріміз білім саласында еңбек етіп, кейін 2013 жылдан бастап қызметін осы дін саласында жалғастырады. 2017 жылы Алматыдағы «Шет тілдер және іскерлік карьера университетін» дінтану мамандығы бойынша «магистр» дәрежесімен бітірген. Сол жылы Түркия мемлекетінің Мармара университетінде дінтану мамандығы бойынша тағылымдамадан өткен. Дінтанушы әріптесіміз 2018 жылы Сауд Арабиясында Мекке-Медине қалаларында болып, кіші Қажылық парызын өтеген. Инспектор-теолог әр жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, БҚО әкімінің, облыстық дін істері басқармасының, БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Сырым аудандық білім беру бөлімінің алғыс хаттарына ие болған. Ержан Ергенұлы – ісіне адал, әрбір қызметін жауапкершілікпен атқаратын, қарапайым азамат. Отбасылы, бір ұлы бар. Егемен еліміздің азаматтары біздің кейіпкерімізден үлгі-өнеге алса деген ниетіміз бар. Қиындығы мен жауапкершілігі мол жұмыста әріптесіміз өзін әлі талай жақсы қырынан көрсетеріне сенім мол.

Айдар Досанов,

РУ-170/2 мекемесінің Кадр саясатының аға инспекторы,

әділет аға лейтенанты

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.