Түрмедегі неке қию

0
121

БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің РУ-170/3 мекемесінде неке қию рәсімі өтті. Жазасын өтейтін күйеу жігіт қалыңдығының түзету мекемесі қабырғасында некелерін қиюға келісім бергеніне ерекше қуанышты. Ол енді сүйгенінің сенімін ақтап, мерзімінен бұрын босап шығу үшін тәртіпке баса мән бермекші.

 

Мекеме бастығы Ертай Шәкенов жас жұбайларды өмірлеріндегі аса маңызды оқиғамен құттықтап, алдағы уақытта жарасымды ғұмыр кешулеріне тілектестігін білдірді. «Неке қию – жаңа өмірдің бастамасы, жас отбасының негізі қаланды. Болашақта еркіндікке шыққаннан кейін зайыбы ерін қолдап, қоғамға тез бейімделуіне көмектеседі, сәбилі болып, бақытқа бөленеді деп сенеміз», – деді Е.Шәкенов

 

 

Зүбайра Тілегенқызы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.