Қарағандыда жаңа зауыт пен фабрика салынады

0
153

«Қазақстанды дамыту Банкі» АҚ (әрі қарай Банк ҚДБ) тағы бір заманауи ферросплав зауыты мен агломерациялық фабрика құрылысын салу үшін «Qaz Carbon» (Каз Карбон) (әрі қарай Несие берущі) ЖШС-та кредиттік желі ашты. Жоба 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік Индустриалдық-инновациялывқ даму Бағдарламасының шарттарына сай келеді және «Бизнестің жол картасы-2025» атты кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық картасына енгізілген. Жобаның жалпы құны — 36,8 млрд теңгені, оған қатысушы Несие берушінің үлесі — 7,2 млрд теңгені, Банк тарапынан қаржыландырылатын сома 29,6 млрд теңгені құрайды. Банктің қаржысы құрылыс-монтаж жұмыстарына және жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды сатып алуға бағытталады.

Осы рентте, жобаның экспортқа бағытталатынын ескере отырып, ТОО «Qaz Carbon» ЖШС 11,5 млрд теңгені қамсыздандыру жолымен «KazakhExport» «Сараптамалық қамсыздандыру компаниясы» АҚ тарапынан («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) қолдау тапты, бұл елдің қос қаржылық институттары арасындағы жемісті көрсеткіш болып табылады. Ферросплав зауытының өндірістік қуаты жылына 57 мың тонна ферросплав және 240 мың тонна агломератты құрайды. Қазіргі уақытта жоғарыда аты аталған нысандар құрылысы басталып кеткен. Бұл жердегі маңызды фактор — жаңа зауыттың өніміні құрамындағы қазақстандық үлес 100 пайызды құрайды.

 

 

«Qaz Carbon» ЖШС құрылтайшысы Ерлан Нигматулин: «Сапасы жағынан жоғары әлемдік талаптарға сай келетін өндірілетін өнім толықтай экспортқа бағытталады. Оның негізгі тұтынушылары АҚШ, Еуропа, Жапония, Корея, Ьүркия және ТМД елдері болады. Осыған байланысты аталмыш жобаны іске асыру еліміздің күш-қуатын арттырып қана қоймай, ұлттық экономикамыздың дамуына үлес қосады. Бұл жобаның ғажайыптығы сонда, зауыт экологиялық жағынан таза болады: өндіріс процесінде ауаны ластамайтын газды тазарту жүйесі қолданылады. Соның арқасында қалдықтардың жиналып қалмауын азайту және оларды екінші қайтара пайдалану ұстанымына сәйкес, ол қоршаған ортаға аз әсер етеді. Зауытты салу кезеңінде 1000-нан астам жұмыс орны құрылып, құрылыс аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыспен 400 біздің отандастарымыз қамтамасыз етіледі. Осы жерде біздің мұндай зауыттарды салу тәжірибеміз бар деп едім, оған «YDD Corporation» ферросплав зауыты мысал бола алады»,— деп атап өтті. «Qaz Carbon» ЖШС шетелдік құрылтайшысы Давид Кемертелидзе: «Жаңа зауыт құрылысы аясында экономиканы технологиялық жаңғырту мен өнеркәсіпті цифрландыруға қатысты Индустрия 4.0 Бағдарламасының барлық параметрлеріне сай келетін әлемдік технологиялық жаңалықтарды пайдаланып, жаңа жабдықтарды құру жоспарланған. Өндіріс процесі толығымен автоматтандырылады. Қарағандыда жаңа ферросплав зауытын сәтті іске асыру — бұл Қазақстанның металлургиялық өнеркәсібін ғана дамыту емес, сондай-ақ, еліміздің инвестициялық дағынан тартымдылығының да жоғары көрсеткіші. Мемлекет тарапынан жан-жақты ойластырылған функционалдық сервис осындай жобаларды іске асыруға қосымша құлшыныс тудырады. Біз жаңа ферросплав зауытының өнімдері әлемдік нарықта да зор сұранысқа ие болады деп толық сеніммен айта аламыз. Өнімдер сапа саласы бойынша тек қазақстандық қана емес, барлық әлемдік өлшемдерге сай келетін болады. Мұндай ауқымды жобаны іске асыру елдің қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған және аталған салаға инвестиция тарту мен еңбек өнімділігін арттыруға байланысы ел Президентінің тікелей тапсырмаларын орындауға ықпал етеді»,— деп түсініктеме берді.

 

 

ҚДБ Басқармасы Төрағасы Абай Сарқұлов: «Жоба Банктің мандатына үш өзекті бағыт бойынша сәйкес келеді: импортты алмастыру, экспорттық күш-қуат және жоғары өнімділік. Жоба Қарағанды өңірінің дамуына айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсетіп, қазақстандық қайта өңдеу секторының дамуына ықпал етеді. Жобаны пайдалануға бергеннен кейін мұнда 400-жен астам тұрақты жұмыс орны құрылады. Кәсіпорынды салу қоршаған ортаға зиян келтіретін әсерлердің алдын алып, өндіріске үздік халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды енгізуге түрткі салады. Сондықтан, мен зауыт пен фабрика елдің осы секілді барлық басқа кәсіпорындары үшін бенчмарка болады деп сенемін»,— деді.

 

 

Еске салсақ, ағымдағы жылдың шілде айында Даму Банкімен «Qaz Carbon» ЖШС көмірді байытатын фабрика құрылысын салу мен Қарағанды қаласында қазіргі күні істеп тұрған құю өндірісін жаңғырту бойынша жеті жыл мерзімге құны 9,24 млрд теңге тұратын кредиттік желі ашқан болатын. Ол кезде жобаның жалпы құны 12 млрд теңгені құраған. ҚДБ-ның несиелік қаражаты 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы аясында берілген. «Қазақстан даму Банкі» АҚ (ҚДБ «Ұлттық басқарушы «Бәйтерек» холдинг құрылымына кіреді) — 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының щикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Оның іс-қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақүрылым мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияны тарту. «Qaz Carbon» ЖШС — ферросплав зауыттары үшін кокс өндіру мен болат, шойын құю компаниясы. Өндірістік кәсіпорын Қарағанды қаласында 2017 жылы құрылған. АО “Экспортная страховая компания «KazakhExport» (входит в структуру АО «НУХ «Байтерек» АҚ құрылымына кіреді) —Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтерді алға жылжыту бойынша ведомствоға қарасты ұйым. Миссией АО «Сараптамалық қамсыздандыру компаниясы» АҚ-ның миссиясы — басымдық берілген экономика секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының артуына қолдау көрсету, қазақстандық кәсіпорындарға қаржылық-қамсыздандыру және қаржылық емес қолдау көрсету тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.

Дереккөз: 

https://www.zakon.kz/5051725-v-karagande-postroyat-novyy.html

Аударған — Ермек Сахариев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.