Алматы қаласының полиция департаменті жақында «L-CAPITAL» АҚ инвестицялық-консалтингтік компаниясының кеңселеріне санкцияланған іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жауып тастапты деген хабар тарады. «Л-Капиталдың» құнды қағазын иеленуші инвесторлар осы хабардан соң қатты алаңдаулы. Әрине, алаңдайтындай да реті бар. Олар кемі 500 мың теңгенің, көбі, менің естуімше, 300 млн теңгенің құнды қағазын сатып алса, алаңдамағанда қайтеді? Алаңдап қана қоймай, дабыл қағып, полицияға шығымдануға дейін барып жатыр. Бұған дейін неше қилы алаяқ қаржылық пирамидалардан, «Квестра» сияқты жолы сұйық шетелдік компаниялардан аузы мықтап күйген халық бұл жолы да дымсыз қалмасақ екен деп қобалжиды.

Бұл жолғы алаңдап дабыл қағудың басты себебі, біздің халықтың құнды қағаз туралы білімі тым жұтаңдығынан деуге болады. Егер инвистиция жасау дегеннің не екенінен хабары болса, дәл осы жағдайда полицияға шағынудың нәтиже бере қоймайтынын түсінер еді. Қарапайым халық түгілі, жұртшылыққа нақты, шынайы ақпарат беруге тиісті журналистердің өздері бұл жөнінен тым таяз ба деп қалдым. Негізі қазіргі ақпарат құралдары халыққа пайдалы нәрсе айтудың орнына, елдің үрейін ұшырып, дүрліктіріп қоюға құмар сияқты. Оны осы күндері ресми БАҚ-тарда жарияланып жатқан хабар-ошардан-ақ байқауға болады.

1. Сайттарда жарияланып жатқан хабарларда құнды қағаз иеленушіні, яғни инвесторды «вкладчик» (салымшы) деп атаған. «Салымшы» деген кім, «инвестор» деген кім, осы жағын айыра алмаған. Банк депозитіне, зейнетақы қорына, қаржылық пирамидаға ақша салушыны «салымшы» (орысша «вкладчик») дейді. Ал «L-CAPITAL» АҚ сияқты заңды инвестицялық-консалтингтік компаниясынан құнды қағаз сатып алса, оны «инвестор» немесе «құнды қағаз иеленуші» дейміз. «Инвестор» немесе «құнды қағаз иеленуші» деп бизнеске өз еркімен қаржы қосқан адамды айтады. Ал бизнеске өз еркімен қаржы қосса, оның шағымданғаны қалай? Бұл – бір.

2. Бұл туралы ақпарат жазған журналист мәселенің анық-қанығын тексерместен, 2014 жылғы қаңтардың 30-ында «L-CAPITAL» АҚ деген атпен мемлекеттік тіркеуде тұрған заңды мекемені ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА деп жалған хабар таратыпты. «По данным следствия, которое уже начали в департаменте полиции Алматы, жертвами обмана организаторов ФИНАНСОВОЙ ПИРАМИДЫ стали около пятнадцати тысяч казахстанцев, сообщает телеканал АЛМАТЫ» деп жазады SPUTNIK.KZ ақпараттық агенттігі. Ол ол ма, тіпті осы ақпаратқа «Дело о создании очередной финансовой пирамиды расследуют в Алматы» деп айқайлатып тақырып та қойыпты. Демек SPUTNIK.KZ ақпараттық агенттігі мемлекеттік тіркеуде тұрған, заңды Акционерлік қоғамды мемлекеттің заңымен тыйым салынған қаржылық пирамида деп теріс ақпарат таратып, халықты абыржытып отыр. SPUTNIK.KZ ақпараттық агенттігінен осынысы үшін жауап талап етілсе, не дер екен? Бұл – екі.

3. «Компания бағалы қағаз жыл сайын 30 пайыз пайда әкеледі деп уәде берген» деп жазады TENGRINEWS.KZ, BASNEWS.KZ, QAZAQPRESS.KZ, ALASHAINASY.KZ сияқты сайттыр QAZAQPRESS POLISIA.KZ-ға сілтеме жасап.

«L-CAPITAL»-дың жай акция үшін 30% өсімге уәде беруі мүмкін емес. Қай компания сатса да, жай акцияның келісім-шартында өсім көлемі көрсетілмейді. Сондықтан да оның аты – жай акция. Уәде берген деп жай акциядан түсінігі жоқ адам ғана жазады. Ал «L-CAPITAL»-дың жай акциясы жылдық 30% өсім беріп келгені рас. Ол өсімді құнды қағаз иеленушілер алып келгені де шындық. Бұл өсім бұдан әрі өсіп кетуі де, осы деңгейден төмендеп кетуі де мүмкін еді. Оған ешкім кепілдік бере алмайды. Инвестор инвистициялаған, яғни құнды қағаз сатып алған бастапқы ақшасын ғана талап ете алады. Бұл – үш.

Ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тараған осындай қате хабар, біріншіден, құнды қағаз жайында онсыз да түсінігі төмен акция сатып алушы халықты дүрлігіске салып қойса, екіншіден, халықтың артық ақшасын заңды түрде жұмылдырып, сегіз жыл бойы отандық өндірісті жандандырып келген «L-CAPITAL» акционерлік қоғамының жұмысына зор кесел келтіріп отыр.

Осындай білместік мемлекетіміздің экономикалық жағынан алға жылжуына көп кедергі келтіреді. Бұндай жағдайда, біріншіден, Үкімет елімізде құнды қағаз нарығының жұмыс істеу жүйесін әлде де дұрыс жолға қоя түсуі тиіс. Екіншіден, халықтың өзі қаржылық сауатты болғаны жөн. Әрине, қаржылық сауатты бола қоймадың деп халықты кіналай алмайсың. Халық күндердің бір күнінде ол жағынан да сауатты болатыны анық. Халық тезірек сауатты болу үшін, тағы да айтамын, Үкіметіміз қазақстандық бизнестің алаңсыз да жайлы жұмыс істеуіне әлде де жағдай туғыза түсіп, бизнеске кедергі болатын бөгеттермен, жемқорлықпен/корупциямен күресті күшейте бергені абзал. Сонда әрбір қазақстандық жеке тұлғаның инвистициялаған ақшасымен жұмыс істеп жатқан өндірісте тоқтау болмайды. Тоқтау болмаса, мемлекет қазынасына салық құйылады, құнды қағаз сатып алушы инвесторларға уақытылы диведент төленеді. Рас, бұл жағынан ештеңе істелмей жатқан жоқ. Жұмыс істеліп жатыр. Жүйе құрылған. Бұрынғы өндірістік және т.б. мекемелер АҚ-ға (акционерлік қоғамға) айналған. АҚ дегеніміз өзінің акциясын, яғни өзінің құнды қағазын шығаруға құқылы мекемелер. АҚ-лар құнды қағазды да өздігінше шығара алмайды, оны да мемлекет қадағалайды. Олар шығарған құнды қағаздарды тіркейтін «Құнды қағаздарды тіркеу» деген мемлекеттік мекеме де бар. Мәселен, SPUTNIK.KZ агенттігі қаржы пирамидасы деп нақақ кіналаған «L-CAPITAL» АҚ-ынан сатып алынған құнды қағаздар осы мекемеде тіркеулі. Ол ешқайда жоғалмайды. Ал құнды қағаздардың құны өсіп кетуі немесе құны кеміп кетуі дегеніміз құнды қағаздардың жазылмаған заңы. Құнды қағаздардың құнының құбылуы экономиканың дағдарысы мен экономиканың жандануына тәуелді. Инвистиция жасағанда өсімге сену – тәуекелдің ісі. Бұны құнды қағаз сатып алушы әрбір инвестор жадында ұстауы керек.

Дәл қазір дүние жүзіндегі елдердің көпшілігі, оның ішінде Қазақстан экономикалық дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатыр. Шетелдің қаржылық сауатты адамдары құнды қағаздар арзандап тұрған дәл осындай жағдайда, оны сатып ала бастайды. Біз болсақ тұра қашамыз ғой. Халықтың дүрлігіп жатқаны да сол баяғы білместік. Құқық қорғаушылардың компанияны тексеруінен шошымау керек. Тексерсін. «L-CAPITAL»-дың мемлекет заңымен тыйым салынған қаржылық пирамида емес, мемлекеттік тіркеуден өткен, бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы ҚР Ұлттық банктің куәлігін алған заңды құжаты бар мекеме екеніне көз жеткізсін.

Нарықтық экономика жолына түскен мемлекет жағдайында құнды қағаз нарығы жұмыс істейді. Бұл жүйе мемлекетке де, жеке адамдарға да көп пайда әкеледі. Сондықтан мемлекет «L-CAPITAL» сияқты заңды мекемелерді жан-жақты қорғауы тиіс. Мәселен, SPUTNIK.KZ агенттігі заңды «L-CAPITAL» АҚ-ын ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫ деп жала жауып отыр. Мемлекет «L-CAPITAL»-ды осы жаладан арашалағаны жөн.

Ал «L-CAPITAL»-дан құнды қағаз сатып алған инвесторларға не дейін? Қазақ «мал ашуы – жан ашуы» дейді ғой. Ешкім де тер төгіп тапқан ақшасын жоғалтып алғысы келмейді. Сондықтан оларға төзім мен шыдам тілеймін. «L-CAPITAL»-дағы ақша жоғалмайды. Өсімі бүгін төмендесе, ертең өседі. Инвестор болған халықтың қолында компанияның құнды қағазы бар. Ол «Құнды қағаздарды тіркеу» мемлекеттік мекемесінде тіркеулі тұр.

 

Нұрлыбек САМАТҰЛЫ,

жазушы

 

28 ПІКІРЛЕР

  1. Мемлекеттын комектескены дурыс. Осы уакытка деиын Л капитал жаксы жумыс жасап келды. Карапайым адамдар жагдайларын жасады. Быз калаймыз,ары карай жумысын жалгастырганын.

  2. Я инвестор компании Л-капитал. Хотелось бы, чтобы наше государство помогло и поддержало дальше работе этой компаний. За все годы работы компаний никогда не было жалоб, люди получали свои дивиденды и с удовольствием вкладывали и покупали акций. Но не дают ведь работать.. кому то не угодно, чтобы народ жил хорошо и процветал. Просим помочь нашей компании дальше работать!

  3. Рахмет, Нұрлыбек Саматұлы сізге мың алғыс, жолдауыңыз жоғарыдағы басшыларымызға жетсе екен! L-CAPITAL АҚ компанияның басты мақсаты қарапайым халыққа қаржылық сауаттылығын арттыру, инвестиция, құнды қағаздар нарығына бағыт беру ! Ең басты «L- Capital»АҚ құнды қағаздары заңды екенін халық түсініп білсе екен! Компания өз инвесторларының сенімін ақтап шығарады!

  4. Дұрыс айтады. Бүл заңды компания. Біздің елде бәрі керісінше жүреді. Заңды компанияны мемлекет қолдауы тиіс.

  5. Автор дұрыс айтады. Қанша жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан заңды мекмені қаржы пирамидасы дегені қалай? Қаржы пирамидасы болса 12 жыл бойы қайда қалған? Бұл біздің елде бәрі керісінше болатынының бір мысалы.

  6. Салеметсиздер ме. Өте сауатты жазылған. Басқа косарым жоқ. Қаржылық сауатсыз болғандықтан осындай жағдайда отырмыз. L-capital өз атын ақтап шығады деп сенемін

  7. Акка кудайда жак деген, бир Аллага тапсырдым, 12жыл жаксы жумыс жасап 20ж, барлык елде болган нарсе, жыдамдылык пен инвестияциянын тусинбегендиктен болган нарсе. 100 адам жазды екен деп мындаган адамды зарлатуга болмайды, укимет дурыс шешим шешеди деп умиттенемин🙏🙏🙏

  8. Акка кудайда жак деген, бир Аллага тапсырдым, 12жыл жаксы жумыс жасап 20ж, барлык елде болган нарсе, сабырлык кетип, инвестияцияны тусинбегендиктен болган нарсе. 100 адам жазды екен деп мындаган адамды зарлатуга болмайды, укимет дурыс шешим шешеди деп умиттенемин🙏🙏🙏 компания казахстандык тагы бир мумкиндик берсе жаксы болар еди, осы киын жагдайда жауып таса мындаган адамга киындык туседи оныда ойлау керек, екинши шешимди ар уакытта улгиреди деп ойламын. ТОО бастыгы айел адам еш шакка кашкан жок, осы тыкырыктан шыгу амалын жасады, сонына дейин жумыс жасап жатты, енди не болар екен🤢 Алла тагала сабырлык берсин, елимизге тиыштык, калкым аман болсын🙏🙏🙏

  9. Мемлекет тарапынан көмек болады деген үміттемін, қарапайым халықтың құқығы бұзылмауы керек, барлығы заң аясында жүргізілу тиіс, инвесторлардың алаңдауы уақытша болсын, мақалада бәрі түсінікті жазылған.

    • Я инвестор , вкладчик этой компании !!! И молю всевышнего , чтобы он помог нашей компании в столь трудный час ! Я верю что вкладчики получат свои деньги и уверена что это компания не обманет не предаст !!! Спасибо большое автору за столь отличное письмо ! Надеюсь что все прочтут и поймут куда нужно плыть !!!!

  10. Всё грамотно и правильно написали. Очень неприятно видеть,какие неграмотные журналисты сидят в тенгри ньюс спутник.кз и т.д. Прежде чем писать статью с кричащим заголовком, нужно изучить материал! Очень хотелось бы,чтоб государство обратило внимание и предприняло меры. Ведь компания «L-Capital» всегда исправно платила налоги, сдавала отчёты, проходила все необходимые процедуры от гос.органов. Самое важное, чтоб люди поняли уже,что идти на поводу у орущих мошенников, призывающих к митингам и неправильным действиям – не выгодно ни для компании, ни для самих инвесторов!

  11. Мысалы бұл компания салымшыларының келісімшарты бойынша қаржы салған бір азамат өткен жылдың сәуір айында келісімшартты тоқтатып, сол уақытқа дейінгі өсімімен қоса алғашқы қаржысын қайтару керек болған. Соны 1 ай, 2ай… деп созып әлі бермей келеді. Арада жақында 1 жыл өтеді. Демек олар ол қаржыны келісім өткен жылы сәуірде тоқтауына байланысты салымшыға ешқандай % төлемей өз пайдасына пайдаланып отыр.
    Қалай болғанда да ол қаржыны қайтаруға міндетті емес пе?
    Халықтың дүрлігуіне өздерінің де қателіктері таудай. Мысала салымшы қаржысын іздеп барғанда жағдайды иүсіндіруден үнемі жалтарып отырған. Тіпті салымшы кімнен не сұрарын білмейтін жағдайға жеткен. Тіпті соңында мамандар «қайда барсаң онда бар..» деген сөз де айтқан.
    Қандай жағдай болса да қаншама салымшының қаржысын алды 1 жыл бойы қайтармай не пайыздық өсімге жұмыс жасатпай ұстап отыруының өзі қылмыс қой!?

  12. Мен осы компанияда 2011 жылдан бастап инвестормын. Ақшамды уақытында алып жүрмін. Қазахстанда халыққа осындай қызмет көрсетіп отырған ең бірінші компания, көп-көп рахмет басшыларына!!

  13. Мен осы Л-Капитал компаниясында 5 жылдан бери инвестор болганымды мактан тутамын, ойткени бул сенімді әрі жоғары сапада ұйымдасқан компания. Бұнда басқарып отыратын және кызмет ететін мамандар жан-жакты дамыган, оте сауатты, халыктын камын ойлайтын, шыншыл азаматтар.

  14. Қазақстандағы ең алғашқы инвесторлық компаниялардың бірі деп есептеймін. Жиналған ақшамды уақытылы алып отырмын. Ақталып шығатынына сенімдімін. Жалған ақпараттардың таратылуына тиым салынсын дегім келеді.

  15. Рахмет, Нұрлыбек Саматұлы сізге мың алғыс, өте дұрыс айтылған’ Ең бастысы “L- Capital”АҚ құнды қағаздары заңды екенін халық түсініп білсе екен! Компания өз инвесторларының сенімін ақтап шығарады!

  16. Лично я ничего не получала и ничего не видела, и своевременного возврата средств не видела, вы аерните деньги вложенные, ставка вознаграждения не нужна, а потом к вам никто не будет претензии предъявлять! И все, мирно разойдемся.

  17. Я инвестор компании L-Capital,хочу выразить свою позицию по отношению к этой компании. Я в этой компании с 2014 года, дивиденды получала своевременно, неоднократно путешествовала по линии L-Capital. Я понимаю, что сейчас для компании сложные времена, но мы должны поддержать свою компанию, а не топить ее глубже . Надеемся, что у L-Capital все образуется и компания в дальнейшем будет процветать.

  18. Мен бул компанияға акшамды салып, уақытымен алып отырдым, ешқандай қиындықтар туындаған емес , тексерілмеген ақпаратты таратқаны үшін заң күшейтілу керек деп ойлаймын, сондағана жазар алдында ойланар еди тілшілер

  19. Калай халыкка каржы сауатын ашады ? Оздери компанияны адыратып курдымга тусирсе. Осы кунге дейин салган акшаны баска проктилерге салдык дейди. Бирак солар кеуде урган МАУНТИН ПАРКТИН егеси олар мактаган капитал стройдын булардын салып жаткан уйлерине еш катысы жок деген малимдеме жасады. Анау Дубайда шалкып журген коркак Серик кайтсын! Казахстанга акшасын кайтарсын! 30 % гарантия берген жеке озиме!

  20. 12-жылдан бери осы компаниядамын,алдаган жери жок.мен оз басым компанияга ризамын.

  21. Авторга мын алгыс! Колдаймын,ЛCapital компаниясын жане Иманбеков мырзаны. Осындай биликти, билимди касипкерлерди колдауымыз керек. Ундемей отыра беруге болмайды. Кишипеил боламыз деп, сауатсыздардан таяк жегизип отыргызуымызга болмайды. Бабам Абай айткандай, бар пале надандыктан туады деген. Надандыкка жол бермейк. Колдайык компаниямызды!

  22. уйинди сайт,машинады сат, кридит алып компанияга сал деп тусиндирген жок. Ол адамнын ойлау туисигине ешким шектеу коя алмайды гой. Оз дунием, озим билемин дейди. Енди кутеди……..

  23. Мен осы компанияда 12-жылдан бери инвестормын. Мен келисим шарттарым битисимен уакыттлы акшамды алып отырдым.мен компанияга ризамын.

  24. Мен осы компанияда 2015жылдан бастап инвестормын.Девидентті уақытында алып отырмын.Мақалада бәрі түсінікті жазылған.Мақала авторына рахмет.Мемлекет басшылары Қазақстандық инвесторларды қолдайды деп сенемін.

  25. Бір жағынан құжат жүзінде дұрыс та болар. Бірақ осындай қиын жағдайда екендерін не үшін жасырып келді. Қажетті өз ақшамызды алу үшін жазған арыздарымызды тіркеп, уақытында бермеді. Ешқандай мардымды жауап ала алмайсың. Күнде ертеңмен шығарып салып отырды. Осындай жағдайды жасырмай халыққа шығып түсіндіріп отырса болмас па еді? Бірі Дубайда, бірі Россияда қашып жүрмей. Әрине халық ашуланады. Ақша салатын кезде әдемі сөйлеген кісілер, алатын кезде телефондарына жауап бермей елдің ызасын келтірген. Арыз жазғандарды кіналай алмайсыздар. Олар тек өздеріне тиесілі ақшаларын алғысы келді. Дұрыс жауап ала алмаған соң осындай жолға баруға мәжбүр болды. Шыны керек өзім де не істерімді білмей дал болып отырмын. Әрине қалауым компания жұмысын жалғастырып, ақшаларымызды қайтарып бергендерін қалаймын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз