Қазнетті тәнті еткен қостанайлық полицейге сыйлық берілді. Полиция қызметкері тасжолдағы көлік жүргізушілерін қар құрсауынан құтқарып, қалаға апарар жолды көрсеткен еді.

Қостанайлық Амантай Байжановқа сыйлық табысталды. Полицейдің әрекетін әріптестері жоғары бағалады. Лейтенантқа ІІМ логотипі бар сағат сыйға берілді.

«Полицейдің әрекеті ел тұрғындарын тәнті етті. Әлеуметтік желі қолданушылары алғыс айтып жатты», – деді Қостанай облысы ПД басшысының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.

Бұл полицейдің алғашқы ерлігі емес. Бұған дейін ол әріптесімен бірге 15 адамды өрттен құтқарып қалған болатын. Сол кезде полицей ерлігі үшін «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» төсбелгісімен марапатталған еді.

Еске салайық, бұған дейін боран кезінде жүргізушілерге жол көрсетіп, жүгірген полицей туралы видео желіде тараған болатын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз