Жамбыл ауданының орталығында көктемгі кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау, су тасқынының, өрт салдарынан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті.

Аудан әкімі Сәкен Арубаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Райымбек Сейітов, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы арнайы келіп көрген оқу-жаттығуда электр, газ, жылу жүйелері, су құбырлары және канализациялық жүйелер бойынша авариялық-құтқару командасы, өрт сөндіру, медициналық қызмет, «Жамбыл-Жылу» МКК-нің Аса бөлімшесі, Аса ауылдық округінің құтқару командасы, «Таза мекен» мекемесінің транспорттық авариялық-құтқару командасы, азық-түлік, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету тобы, байланыс командасының мүшелері сап түзеді. Басшылық құрам әуелі командалық-штабтың құрамымен, жұмыс бағытымен танысып, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Командалық-штабтың дайындығын оң бағалады.

Оқу-жаттығу жұмысы Тастөбе ауылында жалғасын тапты. Онда құтқарушылар төтенше жағдайды жою және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша іс-әрекеттерді, су тасқынына қарсы іс-шараларды пысықтауға арналған тактикалық жаттығулар өткізді. Төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету дайындықтарын пысықтады.

Жамбыл ауданы әкімдінінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз