1 наурызда,мектеп-гимназия директоры Абдикаримова Рима Сабржанқызының басшылығымен,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Ш.Т Куртыбаева,А.С Жакипованың жетекшілігімен «азаматтық қорғаныс» күніне байланысты «Мен және төтенше жағдайлар» тақырыбында мектепішілік  сайыстар,өнер байқаулары,тәрбие сағаттары өткізілді.

Алатау аудандық төтенше жағдайлар басқармасының қолдауымен жоғары сынып оқушыларына арналған  «Төтенше жағдайлардың алдын-алу шаралары»тақырыбында мектеп-гимназия сайтына түрлі интерактивті сабақтар бейнежазбасы жіберіліп,оқушылар назарына ұсынылды.

6-сынып жетекшілері, М.Мусанова, С.Алимова,Жанат А, 7 сынып жетекшілері Бияхметов С,Мырзахметова А,Бекиева А жарыс сабақтар өткізді.Сабақ барысында оқушылардың қауіпсіздік шараларын танып-біліп қана қоймай, төтенше жағдайларда шұғыл пайдалана алуын сабақтың мақсаты негізінде алды.

«Отта жанатын және жанбайтын заттар»; «Отқа аса қауіпті нәрселер»; «Төтенше жағдайлар туындағанда ескерілетін сақтану ережелері» сияқты бірнеше тақырыпта оқушылар арасында сауалнамалар жүргізіліп,нәтижесінде балаларды химиялық қауіпті заттардан сақтауға шақырды.

8-9 сыныптар арасында «Кім тез киінеді?» атты ойын сабағын алғашқы әскери дайындық  пәнінің мұғалімі Қ.Б.Талғарбеков ұйымдастырып,төтенше жағдай кезінде жылдам киіну мен тез ойлап шешім қабылдай алудың адам өмірін көп қатерлерден сақтап қалатындығын түсіндірді.Осы тақырыпты меңзей отырып,түрлі видеолар мен мысал жұмыстар жасалды.

«Қауіпті жағдайлар және олардың түрлері» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында көркем сурет сайысы жарияланды.Жер сілкіну,өрт,табиғи апаттар,су тасқыны, улы газ т.б. ең қауіпті қатер түрлері екендігін түсіндірген ұстаздар шәкірттер мен сұрақ-жауап жүргізіп,»Өрт –тілсіз жау!» тақырыбында сұрақ-жауап алды.

Іс-шара барысында белсенді қатысқан оқушылар ескеріліп,жолданған ең әдемі көркемсуреттер сұрыпталынып,түрлі мақтау қағаздарымен марапатталды.

«Адам өмірі-өлшеусіз байлық» екенін түсіндірген ұстаздар мен сынып жетекшілерне мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс айтылды.

№152 мектеп-гимназия директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жакипова А.С

Куртыбаева Ш.Т

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз