Бұл жөнінде аталған сыйлықтың Twitter парақшасында хабарланды. Иманбек төрт үміткердің ішінен үздік атанып, кейін өзінің парақшасында видео жариялады.

Ең алдымен ата-анасына, командасына, менеджеріне және осы сыйлыққа лайық деп тапқан Grammy қазыларына алғысын жеткізген музыканттың қуанышында шек жоқ.

«Әр музыканттың карьерасындағы ең керемет сәт – Grammy сыйлығын иелену. Біз осы жетістікке қол жеткіздік!» деп жазды Иманбек Зейкенов.

Былтырға дейін жергілікті темір жол стансасында жұмыс істеген Иманбек Roses әніне ремикс жазып, аз уақыттың ішінде көпке диджей ретінде танылды. Ата-анасымен Ақсу қаласында тұратын Иманбек ән әрлеуді жергілікті диджейлер мен продюсерлерден және Youtube желісіндегі видеосабақтан үйренген. Әрлеген әуендерін әлеуметтік желілерге салып, поп жұлдызға айналған қазақ баласы жайлы АҚШ-тың The New York Times газетінде мақала да жарияланған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз