Моңғолияның жаңа президенті Халтмаагийн Баттулга резиденцияда тұрудан бас тартты.  Бұл резиденциямен парламент төрағасы Миеэгомбын Энхболд пен премьер-министр Жаргалтулгын Эрдэнэбаттың зәулім үйлері көршілес тұр.  Соңғы 63 жылда Моңғолияның барлық басшысы Юмжагийн Цэдэнбал, Жамбын Батмунх, Пунсалмаагийн Очирбат, Нацагийн Багабанди, Намбарын Энхбаяр және Цахиагийн Элбэгдорж Богдо уул тауларының бөктеріндегі күзет қойылған жерде тұрып келген. Басылымның мәліметінше, Баттулга Орталық поштаға қарама-қарсы кішігірім үйге көшіп барыпты. Бұл жер Цэдэнбалдың қысқы пәтері болған. Моңғолия президенті жұмысқа жаяу барады, үйінен жұмыс орнына дейінгі аралық – 400 метр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз