«Қазақстан Президенті елімізге сапармен келіп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Испания павильонының ашылуына қатысқаны үшін А.Пасторға алғыс айтты»,- деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Нұрсұлтан Назарбаев елдеріміз арасында екіжақты достық қарым-қатынас орнағанын, экономика мен саясаттағы байланыстарымыз жемісті дамып келе жатқанын айтып, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұстанымдарымыз ұқсас екеніне тоқталды. Мемлекет басшысына Испания Королі VI Фелипенің атынан Католиктік Изабелла Орденін Испания Корольдігі Депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастор табыс етті,- деп АҚорданың баспасөз қызметі хабарлаған болатын. «Аса мәртебелі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырза, жоғары корольдік құрмет ретінде, Сізді Католиктік Изабелла Орденімен марапаттаймын», – делінген Корольдің жарлығында. Қазақстан Президенті Испания Королі VI Фелипеге және Ана Пасторға жоғары марапаты үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Испания арасында сенімді әрі достық қарым-қатынас орнағанын атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз