Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында: «Мәжілістің жалпы отырысында Президент бастамашы болған жер туралы заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Бұл құжат ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетел азаматтарына және шетелдік үлесі бар кәсіпорындарға сатуға және жалға беруге тыйым салуды көздейді. Бұл заңды Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің биылғы 25 ақпандағы V отрысында өзінің Президент ретіндегі заң шығару бастамашылығы тәртібімен әзірлеуді тапсырған болатын. Ал, 12 наурызда заң жобасы Президенттің арнайы жолдауы арқылы Мәжілістің қарауына енгізілді. Осы құжат бойынша жұмыс тобының 3 отырысы және Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің кеңейтілген 2 отырысы өтті. Депутаттар заң жобасын 7 сәуірде жалпы отырыста бірінші оқылымда қарастырды. Бүгін Мәжіліс депутаттары заң жобасын екінші оқылымда қарап, нәтижесінде толық қолдады. Енді, құжат Сенаттың қарауына жолданады. Заң жобасы талқыланудың барлық кезеңінен бірте-бірте өтіп келеді. Президент ұсынған заң жобасы жерге туындаған түрлі қауесет пен дау-дамайға соңғы нүктені қоятын болады», – деп жазды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз