ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі: «Қазақстанда арналар арқылы су берудің орташа өткізу тарифі 1,826 теңге/м3-тен 2,057 теңге/м3-ке дейін қымбаттамақ. Оның ішінде өздігінен ағатын жүйемен суарылатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін баға 0,376 теңге/м3-ден 0,66 теңге/м3-ге дейін артады. Барлық сомалар ҚҚС-сыз көрсетілген. Бұйрық 1 мамырда күшіне енеді», – деп хабарлайды. Экология министрлігі: «Су тарифтері барлық шығындарды жабу үшін жеткіліксіз және ауыл шаруашылығындағы өндірістік шығындардың 1 пайызына ғана құрайды. Қаражаттың жетіспеушілігінен инфрақұрылымның нашарлауы су шығындары өсуіне алып келеді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығында шығындар 45 пайызға жетпек. Тариф белгілеудің қазіргі құрылымы, әсіресе ауыл шаруашылығында, су ресурстарын тиімді пайдалануды ынталандырмайды. Тариф соңғы тұтынушыға судың экономикалық құндылығы бар екенін және оны ұтымды пайдалану керектігін көрсетуі керек деп санайды», – деген пікірде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз