Фируза Шәріпова WBA рейтингінде өз орнын сақтап қалды. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) – кәсіпқой бокс бойынша 4 беделді халықаралық ұйымның бірі. Әйелдер арасында жеңіл салмақтағы басты белдік бұрынғыша әлемнің абсолютті чемпионы, ирландиялық Кэти Тейлорға тиесілі. Ал, үш салмақ санатында әлем чемпионы, қазақстандық Фируза Шәріпова WBA-дің жаңартылған рейтингінде екінші орынды сақтап қалды. Фируза рейтингте Бельгияның танымал боксшысы Дельфин Персуннан, Олимпиада чемпионы, француз Эстель Мослиден (6-орын) және Кэти Тейлордың қарсыласы болған Наташа Джонастан (11-орын) алда тұр. К.Тейлор мен Н.Джонастың айқасы тең дәрежеде өтті. Дегенмен, Джонас оппонентінен болмашы есеп айырмасымен жеңіліс тапты: 96-95, 96-94, 96-95. Кепілді гонорар: Тейлорда – 1,38 млн доллар, Джонаста 485 мың долларды құрады. Н.Джонас бұл жеңілісіне дейін WBA рейтингінде 4-орында тұрған болатын. Ф.Шәріпова сол уақытта да 2-і орында тұрған. Сондай-ақ қазақстандық боксшы әлемнің абсолютті чемпионымен жекпе-жек өткізуге үміткер.
WBA рейтингіндегі ерлер арасындағы орындарға келсек, екінші аса жеңіл салмақ категориясында Евгений Павлов (3-0, 2 КО) 11-і орыннан 10-ы орынға көтерілді. Германия атынан өнер көрсететін Қазақстан тумасы, орта салмақтағы Анатолий Мұратов (22-2-1, 15 КО) 10-ы позициядан 8-і орынға жоғарылады. Супер ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) 14-і сатыдан 15-і орынға сырғып кетті. Еске салайық, Ж.Кособуцкий соңғы жекпе-жегінде титул үшін айқасты. Ол биылғы ақпан айында нигериялық боксшы Онориод Эхвариемді (18-2, 17 КО) төртінші раундта нокаутқа түсіріп, WBA International белдігін жеңіп алған болатын.

Ермек Сахариев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз