Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті мен «Россельхознадзор» мал шаруашылығы арасында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде тараптар мал мен құс шаруашылығы өнімдерін жеткізуге бұрын енгізілген өзара шектеулерді алып тастау бойынша бірқатар мәселені шешті. Хабарламада: «Қазақстандық кәсіпкерлер мен ветеринарлық қызметтердің назарына жоғары патогенді құс тұмауы бойынша жағдайдың тұрақтануына байланысты еліміздің Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарынан Ресей Федерациясына мына өнімдерді жеткізуге рұқсат етілгенін хабарлаймыз. Тірі құсты; инкубациялық жұмыртқаны; құс етін; Халықаралық эпизотиялық бюроның Жер үсті жануарларының денсаулығы кодексінің ережелеріне сәйкес, құс тұмауы вирусына қарсы өңделген тауарлардан бөлек, құстан жасалған дайын ет өнімдерін және құрамында құстың қайта өңделген өнімдері бар Құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерін; құстардың азығы және оның қоспаларына; құстарды күтіп-бағуға, союға және мүшелеуге арналған бұрын пайдаланылған жабдықтарды жеткізуге, сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарынан жөнелтілген тірі құсты Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалдауға рұқсат берілді. Ньюкасл ауруы бойынша Қарағанды облысынан Ресей Федерациясына тірі құс және инкубациялық жұмыртқа, құс еті және термиялық өңдеуден өтпеген, құстарға арналған азық пен оның қоспаларын, бұрын құстарды күтіп-бағуға пайдаланылған, союға және мүшелеуге арналған жабдықтарды, құс өнімдерінің барлық түрлерін жеткізуге қатысты бұрын енгізілген шектеулер жойылды. Пастереллез бойынша жағдайдың тұрақтануына байланысты Ресей Федерациясына

Қарағанды облысынан күйіс қайыратын жануарлардың барлық түрлерін, шошқаны, сондай-ақ 72°С температурада 30 және одан да көп минут ішінде термиялық өңдеуден өтпеген жануарлардың көрсетілген түрлерінен алынған олардың генетикалық материалдары мен мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге қойылған шектеулер алынып тасталды. Атырау мен Маңғыстау облыстарынан Ресей Федерациясының аумағына жеткізуге рұқсат етілген өнімдер: тірі қой мен ешкі; қой мен ешкінің етінен дайындалған өнім, сүт және сүт өнімдері; мал азығы; сойылған қой мен ешкіден алынған басқа да шикізаттар мен бұйымдар; ұсақ малды ұстауға, союға және өңдеуге арналған қолданыстағы жабдықтар, осы облыстардан жөнелтілген тірі қой мен ешкіні Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалдауға рұқсат етілді. Жағдайдың тұрақтануына байланысты Қазақстан Республикасына тірі шошқаларды Алтай Республикасынан, Алтай және Красноярск аймақтарынан, Новосибирск, Қорған, Челябі және Түмен облыстарынан жеткізуге және Қазақстан аумағы арқылы тасымалдауға рұқсат етіледі», – делінген.

Бұған дейін құс тұмауы бойынша күрделі жағдайға байланысты Қазақстанға Курск, Орлов, Воронеж, Челябі, Омбы, Түмен, Қорған және Томск облыстарынан, сондай-ақ Татарстан Республикасынан тірі құс пен құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге енгізілген шектеу шаралары алынып тасталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз