Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында 2025 жылы Қазақстанның экономикалық жағдайы қандай болатынын айтқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әлемдік экономикалық дағдарыс Қазақстанды да аяған жоқ. Былтырғы жылы сыртқы сауда айналымы 85 млрд долларды құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 13 пайызға төмендеп кетті. Сонымен қатар пандемия кезінде Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты 15 млрд долларды құрап, мейлінше аз – 2,8 пайызға қысқарғаны қуантады. Осынау дағдарыс жылында біз 18 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тарта алдық. Былтырғы жылы шетелдіктердің қатысуымен жалпы сомасы 1,6 млрд долларды құрайтын 41 инвестициялық жоба қолға алынды. Осы кезеңде 7 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Жаһандық экономика қалпына келген кезде, Қазақстан да өзінің экономикалық өсімін арттырып жатыр. Біздің Үкіметтің болжамына сәйкес, бұл өсу кем дегенде 3,5 пайызды құрайды. Дегенмен бұдан жоғары ықтимал қарқын күтіп отырмыз. Біз өңдеу өнеркәсібінің қосымша экспорттық әлеуетін 10 млрд долларға, қызмет көрсету саласының экспорттық әлеуетін тағы 10 млрд долларға бағалаймыз. Орта мерзімді мақсат – шикізаттық емес экспорт көлемін, оның ішінде қызметтерді, 2025 жылға қарай 41 млрд долларға дейін арттыру жоспарланып отыр», – деп мәлімдеді

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз