Өткен аптада Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен
Мәжіліс бюросының отырысы өтті. Бюро отырысында Н.Нығматулин 21
маусымда өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында қандай
мәселе қаралатынын айтты. Төрағаның айтуынша, отырыста 2020 жылғы
бюджеттің орындалуы жөнінде Үкімет пен Есеп комитетінің есебі
тыңдалады. Бұған дейін «Үкімет отставкаға кетеді» деген сыбыс бірнеше
мәрте шыққан. Алайда қанша рет қатаң сынға ұшыраса да, Үкімет орнында
қалды. Білетіндердің айтуынша, оған бірнеше себеп бар.

Біріншіден, Үкіметті отставкаға кетіру туралы мәселеде Ақорда мен
Кітапхана әлі бір тоқтамға келмеген болуы мүмкін.
Екіншіден, 13-і маусымда Премьер-министр Асқар Маминнің әкесі Ұзақбай
Мамин дүниеден озды. Әкесінің әлі топырағы суымай жатып ауыс-түйіс
жасау қазақылыққа жат болар еді. Үшіншіден, Ақорда мен Кітапхана ауыс-
түйіс жасауға әдеттегідей күзді қолай көріп отырған сияқты. Өйткені
бірлескен отырыстан соң депутаттар сайлаушылардың табағынан «бас мүжу
үшін» демалысқа кетеді де, саясатта біршама уақыт «тыныштық» орнайды.
Сондықтан да Парламент палаталарының бірлескен отырысынан ауыс-
түйіске қатысты анау айтқандай жаңалық күту бекер болмақ.

Ермек САХАРИЕВ

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз