ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев: «Биыл облыста 768,5 мың гектер жерге егін егілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 47 мың гектарға артық. Сондай-ақ, егістік жер көлемін арттыру мақсатында түркиялық инвесторларымен бірлесіп таңқурай мен құлпынай егілді. Және өңірімізде алғаш рет 868 гектар жерге рапс дақылын өсіру де қолға алынды», – деді Б. Сапарбаев. Оның айтуынша, Аталған облыс аумағы ауыл шаруашылығымен айналысуға географиялық-климаттық тұрғыдан қолайлы. Өңірдегі пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару мақсатында арнайы карта әзірленді. Соның нәтижесінде бос жатқан 41 мың гектар жер мемлекетке кері қайтарылды. Сондай-ақ, 2025 жылға қарай аймақтағы балық өндірісін 5 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Облыста 142 су тоғаны бар. Одан бөлек, соңғы 3 жыл ішінде 59,1 мың гектар суармалы жер қайта қалпына келтірілді», – деп, облыста қуаңшылықтың алдын алу мақсатында қандай шаралардың жүзеге асып жатқаны туралы айтты.

Дайындаған — Ермек Сахариев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз