Ақтөбе облысындағы жалпы қолданыстағы автожолдардың ұзындығы — 6
831,5 шақырым. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
басқармасының басшысы Айбек Қайердің айтуынша, былтыр 32,8
миллиард теңге бөлініп, 606 шақырым автожол жөнделді, нәтижесінде
жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және
қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 3 мың шақырымнан асқан.
Биыл 21,3 миллиард теңгеге 100 жоба іске асыру жоспарланып отыр. Бөлінген
қаражат есебінен жергілікті маңызы бар 464,8 шақырым автомобиль жолдарын
жөндеу, ұзындығы 214 шақырым «Ақтөбе-Атырау – РФ (Астраханьға)»,
«Қандағаш–Мақат» автожолының учаскесін толық пайдалануға беру жоспарланып
отыр. Ұзындығы 89 шақырым «Ақтөбе-Қандыағаш» учаскесін қайта жаңарту
басталды, бұл жобаның жалпы құны — 62,5 млрд.теңге.
Сонымен бірге биыл облыстық жолдар бойынша «Ақтөбе – Орск» автомобиль
жолын қайта жаңарту, «Қобда-Мәртөк» автожолын күрделі жөндеу, «Шұбарқұдық-
Ойыл-Қобда-Соль-Илецк» автожолын орташа жөндеуді аяқтау жоспарланып отыр.
Жол-құрылыс жұмыстарының сапасына қатысты жасалған шарттар шеңберінде
488 тексеріс жүргізіліп, 112 бұзушылық анықталды, жол-құрылыс
материалдарының 2 008 сынамасы іріктеп алынып, сынақтан өткізілді.
Автомобиль жолдарының жай-күйі, оларды күтіп ұстау мәселелері құрылыс, көлік,
сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және цифрландыру мәселелері
жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында қаралды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз