Рахаңның біздің газетімізге сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Көп жылдар бойына директордың орынбасары болып қызмет етті. Бүгін біз Рахаң- ның жан жары, белгілі журналист Африза Айтбаеваны сұхбатқа шақырдық.

– Рахаң Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы, Жаңабазар елді мекенінде 1951 жылдың 25 маусым күні дүниеге келген. Жастайынан фо- тосуретке түсіруге әуес болады. Тырнақалды туындылары аудандық «Ленин өсиеті» газетінде жарық көреді . Мектепті бітірген соң Отан алдындағы қызметін Шығыста форт На- ходкада теңізде өткізеді. Келген соң бұрынғы С. М. Киров атындағы университеттің журналистика факультетінің дайындық бөліміне түсіп, сол кездегі «Лениншіл жас», «Мә- дениет және тұрмыс», «Білім және еңбек» журналдарына суреттерін бере бастайды. Университеттің қоғамдық жұ- мыстарына қатынасып, Қазақстанда шығатын баспасөз беттеріне өнерден, ақын-жазушылар мен балалар өмірінен, партияның сьездерінен фотошолуларын бере бастайды. Студент бола жүріп «Қазақстан пионері», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде фототілші болып жұмыс жасайды.

1985 жылы Мәскеуде өткен Дүниежүзілік студент жаста- рының ХII фестивалінің лауреаты атанды. 1989 жылы Үнді елінде өткен фото көрмесі үлкен табысқа жетті. Екі рет Қа- зақ ССР-і Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен мара- патталды. Сонымен қатар еңбектері Польша, Өзбекстан, Грузия елдерінде өткізілген көптеген халықаралық фототіл- шілер көрмесінде жүлделі орынға ие болды. Петр Редько атындағы Қазақстан Журналистер Одағы ұйымдастырған жүлденің лауреаты атанды. 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық төл мерекесіне байланысты Президентіміз Н.На- зарбаев қол қойған Құрмет грамотасымен, арнайы мерей- тойлық медальмен марапатталды.

Ол Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. «Қа- зақ мәлениеті»,(2001), «Ақсу айшықтары»,(1993), «Құтты қоныс» (1981), «Қазбек шыққан шың» (1996), «Қазақстан ЛЖКО» тарихы,(1984) кітаптары жарық көрді. Оңтүстік Қа- зақстан облысының дарынды перзенті( 2003) өмірінің соңы- на дейін «Қазақстан-Zaman» ЖШС-і бас директорының орынбасары қызметін атқарды. 2005 жылы 5 желтоқсанда өмірден озды.

Екеуміз №9 мектеп-интернатта мен пионер серігі бо- лып жұмыс жасап жүргенде таныстық. Ол кезде компози- тор Әсет Бейсеуов пен әнші Нұрғали Нүсіпжановтың Қа- зақстан Ленин комсомол сыйлығының лауреаты атағын алған кезі болатын. Көп ұзамай үйлендік. Ол кезде ол «Қа- зақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде жұмыс жасай- тын. Пәтер жалдап өмір сүрдік. Дүниеге тұңғыш баламыз Азат келді. «Қазақ әдебиеті» газетінде фототілші болып жүргенде Жазушылар одағы екі бөлмелі үй берді. Достық пен Төлеби көшесінің қиылысынан. Тура орталық. Үстел орындық, дивандарды Лида тәтеміз алып берді. Қалған- дарын қаламақыға алып отырдық. Үйде қонақ көп, әсіресе журналистер, әртістер, өнер адамдары жиі келеді. Бір кез- дері Мұқтар Әуезов атындағы драма театрдың 14 әртісіне Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі атағын беріп, соны біздің үйде «жуды». Ол уақытта көшеге шығуға болмайды. Содан Асанәлі ағамыз бұл үйді «қызыл штаб» деп атайық деген. Содан солай аталып кетті. Кең пейіл, ақ жарқын Рахаң адамдарға жақсылық жасағысы келіп тұра- тын. Түннің ішінде біреу ауырып, ия болмаса басқа жағдай болып оятса, тұрып кете беретін. Фотоға өте жақсы түсірді. Дүйсенбі күні оның суретін тосқан газеттер көп болатын. 12 қабат баспалар үйін түске дейін шарлап, барлық газеттерге суреттерін беріп үлгеретін. Сондықтан да оны жазушы, жур- налист, «мәңгілік қозғалыстағы» адам деп атап кетті.

Иә, ол өте тынымсыз жан болатын. Байыз тауып бір жерде отыра алмайтын. Шүкір, қазір балаларымыз Рахаң- ның атына кір келтірмей, өмірде өз жолдарын тауып, жақсы қызметтер атқарып жүр. Немерелеріміз бар. Ең үлкеніміз Азат екі мамандық иесі, бірі финанс саласы бойынша, екін- шісі заңгер. Екі мамандық та қазіргі қызмет жасап жатқан кеден ісінде қажетті мамандық болып отыр. Бес баланың әкесі. Үлкені Данеля С.Демирел атындағы қазақ-түрік уни- верситетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірген. Алматы қаласының әкімшілігінде қызмет жасайды. Екіншісі атасының еншісінде болатын, ол да С.Демирел атындағы халықаралық университеттің халықаралық құқық факуль- тетін бітірген. Қазір Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігінде қызмет жасайды. Аты Қазбек. Бекарыс қазақ-түрік лицейін- де оқиды. Қызы Айәсел 178 физика- математика мектебін- де оқиды. Кішісі Халид балабақшада Екінші қызымыз Зуль- фия. Кезінде ақын марқұм Фариза Оңғарсынова оның атын қойған. Банк ісі факультетін бітірген. Қазір Алматы қаласын- да үлкен мейрамханада бас есепші. Үш баланың анасы. Балалары Шерхан мен Шыңғысхан Британ университетін бітіріп жатыр. Әбілмансұр мектеп оқушысы Жасұланымыз Аблусамад, Еркежан,Гүлбақыт атты үш баланы тәрбиелеп, бірнеше мамандық иесі болып, шетелде де қызмет жасап келді. Қазір ҚР Президент әкімшілігінде қызмет жасайды.

 

Әңгімелескен – Аружан Ағыбаева

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз