Кәсіпкерлер мен шаруалар мемлекеттік бағдарламалардың жемісін көруде. Орал қаласында 29 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкер- лік субъектісі тіркелсе, ауыл шаруашылығы саласында қызмет жасайтын 56 субъект бар. Бұл салаларда атқарылып жатқан жұмы- стар жөнінде Орал қалалық кәсіпкерлік және ауылшару- ашылық бөлімінің басшысы Жалғас Ғұмаров баяндады.

Жалғас Ахатұлы, сіздің басшылығыңыздағы бөлім екі саланы қамтиды. Алдымен бүгінгі таңда Орал қаласында жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпарат берсеңіз?

2021 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша қалада 29 716 (6 581 заңды тұлға, 23135 жеке тұлға) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңіме салыстырғанда 1%-ға (30 014 субъект) кемігені байқалады. Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде белсенділері 25 173-ті (4 710 заңды тұлға, 20 463 жеке тұлға) құрап отыр (84,7%), 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіш 0,6%- ға өскен (25 020 субъект).

Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында 69 729 адам еңбек етуде (31 716 заңды тұлға, 38013 жеке тұлға), 2020 жылдың 1 қаңтарына қарағанда 12,1%-ға азайған (79321 адам). Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 392,4
млрд. теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді. Бұл дегеніміз 2019 жылдың осы кезеңіне 79 %-ды құрайды (448,4 млрд теңге).

Осы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен республикалық бюджетке – 7 594,0 млн теңге, жергілікті бюджетке – 6 394,2 млн теңге (қалалық бюджетке 2 192 378,4 мың теңге; облыстық бюджетке 4 201 846,6 мың теңге) салық төленді.

Кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық белсенділігін арттыру, жаңа кәсіпорындар ашу, жаңа жұмыс орындарын құрумен қатар қолда бар жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес қаржылық қолдаулар көрсетілуде.

Ендеше сол мемлекеттік бағдарламаларға тоқталып, нәтижелі жұмыстармен бөліссеңіз және оралдық жас кәсіпкерлерді қолдау бағытында қандай іс-шаралар жүзеге асырылуда?

Олардың бірі – «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Биыл аталмыш бағдарламаны іске асыруға жалпы сипаттағы трансферттен 3 334,3 млн теңге бөлінді, оның ішінде несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау – 2 761,6 млн теңге; несиелер бойынша кепілдемелер – 484,3 млн теңге; гранттық қаржыландыру – 88,4 млн теңге. Ағымдағы жылдың 1 мамырына несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетігі бойынша 3,1 млрд теңге несие сомасына 65 жаңа жоба мақұлданды.

2019 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы іске қосылды, бағдарламаны іске асырудағы кедергілерді жедел анықтау және жою мақсатында бұл саланы дамыту жөніндегі жобалық кеңсе құрылды. Оның құрамына жергілікті атқарушы орган, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, аграрлық-кредиттік корпорация, Екінші деңгейді банктер және кәсіпкерлік қоғамдастықтың өкілдері кірді. Жобалық кеңсе бизнес жоспарды әзірлеу сатысынан қаржыландыруға дейін бизнес-жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асырады, жобаларға тұрақты мониторинг жүргізеді.

Үстіміздегі жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Орал қаласында 11 400,0 млн теңгеге 32 жоба мақұлданды. Олардың ішінде: агро-өнеркәсіптік кешен өндірісіне – 1 127,9 млн теңге сомасына 10 жоба (31,3%); Агро-өнеркәсіптік кешен қайта өңдеуге – 2 126,3 млн теңге сомасына 3 жоба (9,4%), Өңдеу өнеркәсібіне – 3 639,0 млн теңге сомасына 8 жоба (25,0%); Қызметтер көрсетуге – 4 589,7 млн теңге сомасына 11 жоба (34,3%) тиесілі.

Келесі нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы 2017 жылдан бастап іске асырылуда. Былтыр аталған бағдарлама аясында 500,0 млн теңге бөлініп, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 59 микрокредит берілді. Ағымдағы жылы да бұл бағыт бойынша республикалық бюджеттен 500,0 млн теңге бөлініп, бүгінгі күні несиелендіру жұмыстары басталуда.

Жас кәсіпкерлерді қолдау мәселесіне келсек, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылы бұл мақсатта облыс бойынша қайтарымсыз гранттарға 39 млн теңге қаржы қарастырылды, құжаттарды қабылдау қыркүйек айына жоспарлануда. 2020 жылы аталған бағыт бойынша 89 млн теңге қаржы қарастырылып, соның ішінде Орал қаласы бойынша өз ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге сомасы 63,4 млн теңге болатын 16 қайтарымсыз грант берілді. Атап айтқанда, сыр өндірісі, былғары өндірісі, әйнекті қайта өңдеу, компьютерлік қосымшаларды құрастыру, ГМО-сыз тауарлар өндірісі т.б. 

Банкет залдары қызмет бағытын өзгертуде

Пандемия жағдайындағы карантиндік шектеулер кәсіпкерлік саласына қандай қиындықтар келтірді, кәсіпкерлерге осы ретте қандай қолдаулар көрсетілді? 

Бүгінгі күні Орал қаласындағы шектеу шараларына байланысты 90- нан астам банкет залының қызметі тоқтатылды. Қолдау көрсету мақсатында «Қазақстан Республикасының Рестораторлар клубы» қауымдастығы президентінің қатысуымен қаланың рестораторларымен бейнеконференция және Қазақстан Республикасының
«жалпы тамақтану» қауымдастығы президентінің қатысуымен өңірлік Кәсіпкерлер палатасы базасында кеңес өткізілді. Рестораторлардың ұстанымдары тыңдалып, банкет залдарын қайта жабдықтау үшін шығармашылық және мәдениет үйлерін, спорт нысандарын, әлеуметтік қолдау орталықтарын, әлеуметтік жобалар, санитарлық дәрігерлік амбулаториялар, мектептен тыс жұмыс орталықтарын, оңалту ұйымдарын, медициналық мекемелер ашу сынды нұсқалар ұсынылды. Конференция мен кеңестің қорытындысы бойынша бизнесті қайта форматтауға және қайта жабдықтауға дайын мүдделі кәсіпкерлермен жеке кездесу өткізілді. Банкет залдарының орналасуы мен алаңын, ішкі ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпкерлердің қалауы бойынша сауалнамалар жүргізілді. Бұл ретте ғимаратты жалға беру келесі әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін. Біріншіден, егер құндық мөлшердегі жылдық сома 4 000 АЕК-тен (11 668 000 теңге) аспаса, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 37-бабына сәйкес «Баға ұсыныстарын сұрату» арқылы сатып алуды жүргізуге болады. Екіншіден, «Ашық конкурс», яғни «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 20-бабына сәйкес 4 000 АЕК-тен астам сомаға өткізіледі. Бүгінгі таңда 14 банкет залы ынтымақтастыққа дайын, әлеуметтік, мәдени және спорттық нысандарды қайта форматтау бойынша нұсқалар қарастырылуда, келісім жұмыстары жүргізілуде. Банкет залдарын бизнестің басқа түріне қайта форматтау тәжірибеде бар. Мысалы: «Ақ босаға» банкет залы – электр тауарлары дүкені; «Ай-луна 2» – киім дүкені; «Карат» – жекеменшік балабақша; «Той сарайы» – Оқу орталығы (жалға алушы Білім бөлімі); «Алтын ғасыр» мейрамханасы – жеке медициналық орталық. Тағы бір осындай банкет залы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік қолдау орталығы болып ашылды.

Ауыл шаруашылығы

Жалғас Ахатұлы, сіздің бөлімнің екінші саласы – ауыл шаруашылық. Оралда ауыл шаруашылық саласын дамыту бойынша қандай жұмыстар жүзеге асырылуда?

Қазіргі таңда қаламызда ауыл шаруашылығы саласында қызмет жасайтын 56 субъект бар. Олар мал басын өсірумен, егін егу, жылыжай ісі, бордақылау алаңдарын ұстау және тағы да басқа ауыл шаруашылығы саласының қызмет түрлерімен айналысуда. Статистикалық көрсеткіштер осы саланың даму үрдісін
көрсетуде. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2018 жылы – 7 708,2 млн теңге болса, 2019 жылы – 9 171,6 млн теңге, 2020 жылы – 10 552,2 млн теңге болды. 2021 жылдың қаңтар-сәуір айы бойынша 1 806,6 млн теңге, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,9 %.

Бүгінде Орал қаласына қарасты ауылдық округтерде 4 171 ірі қара, 5324 қой, 547 жылқы, 421 703 құс өсірілуде. Ағымдағы жылдың төрт айында 382,7 тонна ет, 1 659 тонна сүт, 29,6 млн дана жұмыртқа өндірілген. Осы жылы көктемгі-далалық жұмыстарға 22 шаруашылық қатысып, 7 390 га дәнді-дақылдар, 1 796 га майлы дақылдар, 359 га мал азықтық дақылдар егілді. Өткен жылы 2021 жылдың өніміне 3042 га күздік дақылдар себілді.

Біздің басты мақсатымыз – ауыл шаруашылығы саласының дамуына қолдау көрсету. Инестициялық жобаларға жетекшілік жасап, мемлекеттік бағдарламалар шегінде көрсетілетін қолдауларды түсіндіру. Өткен жылы «Орал жылыжай комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағы 55000 шаршы метр жылыжай кешенін іске қосты. Өндіріс қуаты жылына – 3 мың тонна. Жобаны жүзеге асыруға 6.0 млрд теңге жұмсалды. Бұл кешен қазіргі заманғы технологияларды, гидропоника, жасанды жарықтандыру, ылғалдандыру, тамшылатып суаруды қолданады. Өнім өсіру процесін тұрақты бақылау үшін барлық параметрлері компьютер арқылы интернетке қосылған. Мұның сыртында бірқатар ірі инвестициялық жобалар ағымдағы жылы жүзеге асырылады деп жоспарлап отырмыз. Бұл қатарға «UraIsk Trade Company» ЖШСнің сүт зауытын (жоба құны 450 млн теңге), 100 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы құрылысын және 300 га тамшылатып суару жүйесін енгізу жұмыстарын жатқызуға болады.

Оралдық шаруалар қандай мемлекеттік бағдарламаның жемісін көруде?

Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» негізінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиісті бекітілген ережелерге сәйкес жүргізіледі. 2020 жылғы мал шаруашылығын субсидиялауға 202 млн теңге жоспарланып, жыл қорытындысы бойынша 97,9 млн теңге төленді. «Орал құс фабрикасы» ЖШС-ға – 87,7 млн теңге, асыл тұқымды мал шаруашылығына – 10,2 млн. теңге. Сондай-ақ тартылған инвестицияларды субсидиялау бағыты бойынша өткен жылы Орал қаласындағы субъектілерге 302,5 млн теңге берілді.

Үстіміздегі жылы Орал қаласы бойынша мал шаруашылығын 139,7 млн теңге көлемінде субсидиялау жоспарланды. «Орал құс фабрикасы» ЖШСға – 133,2 млн теңге, асыл тұқымды мал шаруашылығына – 26,5 млн теңге. Тартылған инвестицияларды субсидиялау бағыты бойынша берілген субсидия көлемі – 126,9 млн теңге.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау жоғарыда аталған бағдарламаның жеңілдетілген несие беру, инвестициялық салымдарды субсидиялау секілді бағыттарымен жүзеге асырылады. Ол үшін субъект басшылары құзырлы органдардан кеңес алып, талаптармен алдын ала танысқаны жөн. Айталық, субъектілерге мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, кәсіпкерлік қызметті дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауға төменгі пайызбен несие алуға мүмкіндіктері бар. Көктемгі-далалық жұмыстар алдында шаруашылықтарға жеңілдетілген бағамен жанармай алу ұйымдастырылады. Бағдарламаның барлық мүмкіндіктері кәсіпкерлерге тиімді әрі дамуына зор қолдау болады.

969 га жер телімі мемлекетке қайтарылды

Сұқбат соңында пайдаланылмаған жер телімдерін мемлекет иелігіне қайтару, оларды жеке кәсіпкерлерге аукцион арқылы сату жұмыстарына тоқталсаңыз?

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру функциясы Орал қаласының әкімдігіне 2019 жылдың ақпан айынан бастап жүктелді. Бұл қызметті осыған дейін Батыс Қазақстан облысының жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы атқарған еді.

2019 жылы Орал қаласы әкімдігі қалалық прокуратураның ұсынысы негізінде облыс орталығы маңындағы пайдаланылмай немесе нысаналы мақсатқа қолданылмай жатқан жалпы көлемі 4300 га құрайтын 25 ауыл шаруашылығы жер учаскесіне (22 ауыл шаруашылығы субъектісі) тексерістер жүргізуді тапсырды. Бүгінге дейін 10 ауыл шаруашылығы субъектісі бойынша 12 жер теліміне, жалпы көлемі 1560 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тексеріс жүргізіліп, пайдаланылмаған 563 га жер учаскесі анықталды. Нәтижесінде алты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ескерту түрінде қаулы шығарылып, бір жылға нұсқама берілді. Төрт субъект иелері бойынша заң бұзушылықтар анықталған жоқ (997 га).

Тексеріс нәтижесінде жүргізілген түсіндіру жұмыстары мен жалға алу мерзімінің аяқталуына сәйкес, прокуратура ұсынысында көрсетілген 103 га жер учаскесі мемлекеттік қорға қайтарылды. Одан бөлек алты ауыл шаруашылығы субъектісіне тиесілі пайдаланылмаған 866 га жер учаскесі жалға алу мерзімдерінің аяқталуына байланысты мемлекеттік қорға өтіп, 2019-2021 жылдары Орал қаласы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы мақсатындағы қайтарылған жер көлемі 969 га құрады (оның ішінде 2021 жылы қайтарылғаны 472 га).

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мақсатты пайдаланылуына, игерілуіне тексерістерді ашуды тіркеу мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер тегін, жер комиссиясының отырысында қаралып, конкурс негізінде беріледі.

Сұқбаттасқан –
Ләззат ҚАЖЫМОВА

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз