фото ғаламтордан алынды

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев 15 шілдеге дейін қыз- меткерлерін вакциналауға міндеттелген нысан- дарда ешқандай тексеру жүрмейтінін растады.

«Президенттің тапсырмасынан кейін 13 шілде күні коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Сол жиында қызмет көрсету саласының қызметкерлерін вакциналау мерзімін 19 шілдеде нақтылау туралы шешім қабылданды. Яғни, 15 шілдеден кейін аталмыш нысандарға қызметкерлері вакцина алмағаны үшін ешқандай шара қолданылмайды. Мұны міндетті вакциналау мерзімі 19 шілдеге дейін созылды деп қате түсінуге болмайды. Нақты қанша мерзімге созылатыны 19 шілдедегі ведомствоаралық отырыста белгілі болады»,-дейді Ержан Байтанаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз