Фото ғаламтордан алынды

Италия құрамасы Еуро-2020 турнирінің финалында Англияны жеңіп, екінші рет Еуропа чемпионы атанды. Есепті матчтың 2-минутында Англия құрамасының қорғаушысы Люк Шоу ашты. Ал 67-минутта италиялық қорғаушы Леонардо Бонуччи есепті теңестірді. Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталып, ары қарай финал қосымша уақытқа ұласты.

Қосымша уақытта 1:1 есебі өзгерген жоқ. Кейін екі команда жеңімпазды анықтау үшін пенальти сериясына жүгінді. Пенальтиден 3:2 есебімен Италия басым түсті. Англия құрамасы сапынан Маркус Рэшфорд, Джейдон Санчо, Букайо Сака пенальтиден мүлт кетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз