Бұл айтуға ғана оңай, әйтпесе бұл жолдағы күрес жүйке-жүйені түтіп жейтін азапқа толы күндер еді. Одан бері өткен 19 жылда Астана өсіп-өркендеу жолына түсті. Тәй-тәй басқан сәби астана бүгінде бозбала жасына жетіп, оң-солына көз сала бастады. Көргендер сымбатына сүйсініп, таңдай қақты.
Астана сағат санап емес, сәт санап өсуде. Аз ғана уақытта ғаламды тамсандырған зәулім-зәулім сарайлар салынды. Керемет ғимараттар бой көтерді. Тұрғындары да молайып, қала кеңейіп сала берді.
Тәуелсіздік жылдары Президенттің барлық қызметі, барлық әлеуметтік-экономикалық реформалары тек халықтың игілігі үшін жасалды деп батыл айтуға болады. Қазақстанда барлық деңгейдегі жаңа оқу орындары, ауруханалар салу жалғасуда, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Бәрінің де басында Елбасы тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз