«Жүре берсең, көре бересің» деген, жер-жаһан баламалы энергия көздері деп Күн мен жел, өсімдіктер, балдырларды танып жатса, Қазақстанды ерекше құрметтейтін мажарлар кәріз құбырынан жылу алып жатыр дегенді естігенде жанарымыз екі есеге ұлғайып кеткені жасырын емес. Фотосинтез процесін көрсететін жасыл желек инсталляциясы бірінші болып «қарсы алатын» Венгрия павильонымен қазақстандық гид Гүлбану Әденова таныстырған болатын.
— «ТермоВатт» компаниясының негізгі мақсаты — термоқұбырлар арқылы кәріз суынан жылу энергиясын алу. Бұл қыс айларында үйіңізді жылытуға көмектессе, жаз мезгілінде желдеткіш есебінде пайдалануға болатын ерекше құрылғы, — дейді Г. Әденова.
Сондай-ақ, мажарлар геотермалды энергияны пайдаланған алғашқы мемлекеттердің бірі. Яғни, жерді үш-төрт метрге дейін қазу арқылы қалалар мен елді мекендерге жарық жіберу мүмкіндігі туып отыр.
— 3000-4000 метрге дейін қазылған шұңқырға суық су жіберу арқылы оны жер астында 270 градусқа дейін қайнатуға болады. Ал одан бөлінген буды зауытта электр энергиясына айналдырып, халықтың игілігіне пайдалануға әбден болады, — дейді Венгрия павильонын таныстырып жүрген Г.Әденова.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз