Халықаралық Олимпиада комитеті Twitter парақшасында: «21 шілде күні Токиода өткен Халықаралық Олимпиада Комитетінің (ХОК) 138-і сессиясында 2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының астанасы таңдалды. Брисбен – 32-і Олимпиада ойындарының астанасы болып таңдалды. Құттықтаймыз!» – деп хабарлады. Kyodo басылымының жазуынша, жыл сайынғы сессия кезінде Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшелері дауыс бергеннен кейін Брисбен қаласы 2032 жылы жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізу орны ретінде бекітілген. Брисбен Мельбурн (1956 жыл) мен Сиднейден (2000 жыл) кейінгі Олимпиада ойындарын өткізетін үшінші австралиялық қала болып отыр. Айта кетсек, 2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының астанасы атану үшін Брисбеннен бөлек Қытайдың Чэнду мен Чунцин қалалары, Доха, Будапешт, Рейн-Рур және Сеул мен Пхеньян өтінім жіберген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз