ЭКСПО көрмесінде бір айда 80 млн. теңгенің 40 мыңға жуық кәдесыйы сатылған. Бұл туралы «Астана ЭКСПO — 2017» ҰК Коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев көрменің бір айлық қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«ЭКСПО көрмесінің бір айында 80 миллион теңге сомасына 40 мыңға жуық кәдесый өнімдері сатылған. Бұл — көрмеге келушілердің ЭКСПО-ға деген үлкен қызығушылығының белгісі», — деді Дәулет Еркімбаев.
Сондай-ақ, маманның айтуынша, көрме аумағына жеткізілетін азық-түліктің барлығы тексеруден өткізіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз