Қазіргі кезде елімізде «Нұр Отан» партиясы халықтың мұң-мұқтажын шешіп, азаматтар қажеттілігін, тұрғындар сұранысын қамтамасыз ететін іргелі саяси ұйымға айналды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауымен ел дамуының жаңа кезеңі басталып, елді өркендетуге, әр тұрғынның әл-ауқатын жақсартуға негізделген «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы іске асуда.
«Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы да билік пен халықтың арасындағы алтын көпір іспеттес болып, өңірде атқарылған игілікті істердің ұйытқысы бола білуде. Ақиқатын айтсақ, «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасы Амандық Баталовтың басшылығымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында қарышты қадамдар жасалуда. Экономика саласы жақсарған сайын халықтың әлеуметтік жағдайы оңала түсуде. «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы барлық игілікті істердің басы-қасында жүретінін көзіміз көріп жүр. Ауыл шаруашылығы, құрылысы, өндірісі, кәсіпкерлігі, инфрақұрылымы, мәдениеті мен өнері жүйелі дамыған өңірде берекелі ісі бар партияның беделі жылдан-жылға артып келеді.
«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы құрамында 346 бастауыш партия ұйымы, 113 146 партия мүшесі бар. Осындай үлкен саяси ұйымның бүгінгі тыныс-тіршілігі жайлы «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаевтың әңгімесін назарларыңызға ұсынамыз.

Партия араласпайтын сала жоқ

Өңірдің қоғамдық-саяси өміріне кеңінен араласып, халықтың ауызбірлігін нығайтуға, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына біздің партия мүшелері өз үлестерін тұрақты қосып келеді.
«Қазақстан — 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында «Білім», «Денсаулық сақтау», «Аграрлық сектор», «Индустриялық даму», «Жаңа технологияларды дамыту», «Мемлекеттік қызмет көрсету», «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын жұмыспен қамту», «Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес» бағыттары бойынша партиялық кураторлар комиссиялары жұмыс істеуде.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдері, сыртқы сарапшылар және үкіметтік емес сектор өкілдері партиялық кураторлар комиссияларының мүшелері болып табылады. Осыған қоса 7 бағыт бойынша партиялық кураторлар комиссиясының құрамында 30 мәслихат депутаты бар.
2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша 19 отырыс өткізілді, отырыстың қорытындылары бойынша 47 ұсыным әзірленіп, оның 97 %-ы орындалды. Қалғаны жергілікті мемлекеттік органдардың қарауында.

1) Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асуын бақылау

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы 36 жобаны жүзеге асыру үшін 24 млрд. теңге қарастырылып, есептік кезеңге 4 млрд. бөлініп, 100% игерілді.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы 37 жобаны жүзеге асыруға 17 млрд. теңге қарастырылып, есептік кезеңге 12 млрд. теңге бөлініп, 100% игерілді.
2017 жылы 31 мектептің құрылысына 16,8 млрд. теңге көлемінде қаражат қарастырылған.
Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту бағыты бойынша, бағалы қағаздарды шығару есебінен биылғы жылға 672 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысына 1,6 млрд. теңге бөлінді, оның қаржылық жоспарға сәйкес 450,0 млн. теңгесі толық игерілді. Бұл тұрғын үйлердің құрылысы жоспар бойынша 2017 жылы аяқталады.
Облыстық деңгейдегі іске асырылып отырған бағдарламадан өзге республикалық деңгейдегі жобалар бойынша Алматы облысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Хоргос — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру және кешенді дамыту» жобасы аясында инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілді. Жобаның жалпы сомасы — 77,2 млрд. теңге. Ұлттық қордан жалпы 36,8 млрд. теңге бөлініп, оның 36,7 млрд. теңгесі немесе 99 %-ы игерілді (98,2 млн. теңге 2017 жылға ауысты).
Автомобиль жолдарын дамыту бойынша «Алматы — Өскемен» автожолын қайта құрылымдауға барлығы 54,7 млрд. теңге бөлінген, оның 235-259 км-дегі учаскесінің аяқталу мерзімі 2017 жылға ауысты.
Сонымен қатар, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту бағыты бойынша, республикалық бюджеттен 2,3 млрд. теңге бөлініп, оның 63 млн. теңгесі ғана игерілген. 2015 жылы Қазақстан ипотекалық компаниясына 290 пәтерді құрайтын 5 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары ұсынылып, Талдықорған қаласында көлемі 1,3 га жер телімі бөлініп берілген. Тапсырыс беруші — «Бәйтерек Девелопмент» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасының агро-өнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы облысына 2017 жылға 22,0 млрд. теңге қаражат бөлінді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға 2017 жылы 8,5 млрд. теңге қарастырылды. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 5360 адамға кәсіптік оқытуға 1,5 млрд. теңге бөлінді. Бағдарлама аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтуге мүмкіндік беріледі.
Тегін кәсіптік оқытумен мектептердің түлектері, ҰБТ тапсыра алмаған, оқу орындарына түспегендер, орта жастағы адамдар қамтылатын болады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың қатысушылары 29 жасқа дейінгі жастағы жастар мен жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады.
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасалатын болады. Аталған бағытқа 2017 жылы 1700 адамды қамту жоспарланып, 5,3 млрд. теңге қарастырылған. Несиенің ең жоғарғы сомасы 18 млн. теңгеге дейін ұлғайтылып, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6%-дан аспайды. (Несие берудің жалпы мерзімі 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін 7 жылға дейін мерзімді құрайды. Кәсіпкерлік дағдыларын алу үшін «Бастау Бизнес» жобасы өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жүзеге асырылады.)
2017 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1080 адамды кәсіптік негіздеріне оқытуға 133,0 млн. теңге қарастырылды. Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 2017 жылға 1,6 млрд. теңге бөлінді. Аталған бағыт шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына 915 адамды, жастар практикасына 1055 түлекті, қоғамдық жұмыстарға 8855 жұмыссыз азаматтарды жіберу жоспарланып отыр.
Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылға арналған білім беруді және ғылымды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 22,2 млрд. теңге бөлінді.
Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 665,4 млрд. теңгеге, нақты көлем индексін 101,6% жеткізу жоспарлануда. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 552,4 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 100,8% құрайтын болады.
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылға 11,3 млрд. теңге бөлінді.
«Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 2017 жылға жүзеге асыру үшін РБ-тен 1,8 млрд. теңге бөлінді. Осы салалардағы жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға партияның тарапынан тиісті бақылау орнатылған.

Өңірде 7 партиялық жоба жүзеге асырылуда

Бүгінгі күні облыстық партия ұйымы нақты әлеуметтік топтарға (ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жастар, балалар, ауыл тұрғындары т.б.) бағытталған 7 партиялық жобаны жүзеге асыруда.
Жоба тұжырымдамасында белгіленген нақты индикаторларға қол жеткізу мақсатында 2017 жылдың I жартыжылдығында 1507 іс-шара ұйымдастырылып, оған 583 187 адам қатысты.
1) Мысалы, «Ардагерлерді ардақ-тайық» жобасы аясында 547 іс-шара ұйымдастырылды. Облыс бойынша барлық 240 Ұлы Отан соғысы ардагері мен 13 мыңнан астам тыл еңбеккерлерінің ішіндегі жалғызбасты 2798 қарттың әлеуметтік жағдайын зерттеу мақсатында сауалнама жүргізіліп, әр ардагерге әлеуметтік карталары толтырылды. Сауалнама нәтижесінде партия белсенділері қарттарды қамқорлыққа алып, ардагерлерді медициналық тексеруден өткізуге, олардың әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне атсалысты. «Ардагерім — ардағым» республикалық акциясы барысында соғыс ардагерлері, жалғызбасты қарттар мен тыл еңбеккерлеріне «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері көмек көрсетті.
2) «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 323 іс-шара ұйымдастырылды. Алматы облыстық филиалы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді. Шараға қатысқан жұмыс берушілерден 63 жұмыс орындары ұсынылып, нәтижесінде 48 үміткер жолдама алды. Соның ішінде қалалық прокуратура мекемесіне 1 мүгедек, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша қалалық жұмыспен қамту орталығына 1 адам, 12 мүгедек қайта даярлау курстарына жіберілсе, 27 мүгедек қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылып, 5-еуі әлеуметтік жұмыспен қамтылды.
Ақпан айында аумақтық партия филиалдарының ұйымдастыруымен бірыңғай тақырыптық қабылдаулар ұйымдастырылып, шараға 110 мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысты. Мүмкіндігі шектеулі 98 азаматтан өтініш түсіп, кеңес берілді.
Келіп түскен өтініштердің 31-і (28,1 %) оң шешімін тапты. 24 (21,8%) өтініш бақылауға алынды. Жалпы іс-шараға мекеме басшылары, қоғамдық бірлестіктің өкілдері, мүгедектер — барлығы 197 адам қатысты.
Облыстық партия филиалы жанынан құрылған «Кедергісіз келешек: қоғамдық бақылау» тобының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы, Панфилов, Ақсу аудандарындағы 53 әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі тексеріліп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті мемлекеттік мекеме басшыларына хат жолданды. Әлеуметтік нысандардың талапқа сай болуы партия ұйымының бақылауында.
3) «Бақытты отбасы — бақытты балалық шақ» жобасы аясында 448 іс-шара ұйымдастырылды. Жоба аясында «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы облыстағы балалар үйлерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Балалар үйі жанынан құрылған қамқоршылық кеңестің құрамында партия белсенділері, мәслихат депутаттары енгізіліп, балалар үйінің өзекті мәселелері қамқоршылық кеңесінің отырыстарында талқылануда.

3. Жастармен жұмыс

«Сәтті қадам» партиялық жобасын жүзеге асырудың негізгі 3 бағыты бар. Облыстық партия ұйымының тікелей қатысуымен жобаның 3 бағыты жүзеге асырылады. Мемлекет басшысы 2016 жылдың қыркүйек айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыра алмаған мектеп түлектерінің жұмысқа орналасу мәселесін көтеріп, бұл түйткілді мәселені шешу жөнінде нақты тапсырманы «Нұр Отан» партиясына берген болатын.
Бүгінгі күні мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау мақсатында «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасы А.Баталовтың 2017 жылдың 24 наурызындағы № 22 НҚ Бұйрығымен бекітілген өңірлік жұмыс тобы құрылып, құрамы және өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді. Түлектердің тізімдері қалыптастырылды және жобаны насихаттау бойынша түсіндіру, кәсіби бағдар беру жұмыстары жүзеге асырылды.
Ұлттық бірыңғай тестілеу облыс бойынша 20-25 маусым аралығында 15 ұлттық бірыңғай тестілеу пункттерінде өтті. Облыс бойынша 14 268 оқушы мектеп бітірді, оның ішінде жоғары оқу орындарына түсуге ниетті 9690 түлек ҰБТ-ға қатысты. Биылғы жылдың ерекшелігі — ҰБТ тапсырмаған түлектер кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарына оқуға түсе алады. Облыс бойынша 908 түлек шекті балл (50 балл) жинай алмады, бұл түлектер екінші рет ақылы түрде тест тапсырып, қажетті балл жинаған жағдайда жоғары оқу орындарына құжаттарын өткізе алады. Облыс бойынша 4578 түлек ҰБТ-ға қатысқан жоқ.
Біздің мақсатымыз — тест тапсыру кезінде шекті деңгейге жетпеген және сынаққа қатыспаған мектеп түлектеріне әрі қарай оқуды жалғастыруларына және жұмысқа орналасуға көмек көрсету. «Нұр Отан» партиясы жергілікті кәсіпорындармен жемісті ынтымақтастық орнатып, «Сәтті қадам» жобасы аясында колледждер мен ЖОО түлектеріне тәжірибеден өтуге, кейін жұмысқа орналасуға көмектесіп, осылайша, көптеген жастың өмірден өз орындарын табуына жағдай жасауда.
Бүгінде Елбасының тапсырмасы аясында «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы 2017 жылдың І жартыжылдығында 33 мемлекеттік мекеме, 2 ірі кәсіпорындарымен, 35 әртүрлі мекемелермен өзара түсіністік және әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Қоғамдық қабылдауға 2706 өтініш түсті

Алматы облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша жалпы 2706 өтініш келіп түскен, оның 71-і жазбаша болса, 2599-і
ауызша, ал қалған 36 өтініш онлайн жүйесі арқылы түскен. Жоғарыда айтылған 2706 өтініштің 657-сі оңтайлы шешімін тапқан, бұл 25 пайызды құрайды. Айтылып отырған уақыт аралығында облыс бойынша барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, әкім және орынбасарлары мен мемлекеттік мекеме, құқық қорғау органдарының басшылары мен жалпы 1918 жеке қабылдау өтіп, 2519 адам қабылданған.
Алматы облыстық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысына пайдаланып отырған жаңашылдығы, барлық партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысына жауапты қызметкерлері әлеуметтік желілерге қабылдау жұмыстарын кеңінен насихаттап, жариялайды. Әр аптада өтетін қабылдаулар алдына ала әлеуметтік желіде хабарлама ретінде жарияланады.
Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде өткен қабылдаулардың әлеуметтік желілерге жариялануы, қабылдау өткізіп отырған құзырлы мекеме басшыларының да қабылдауға және көтерілген мәселеге аса жауапкершілікпен қарауына септігін тигізеді.

Саяси бюро кеңесінің кезекті отырысы

Жуырда «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалында Саяси кеңес Бюро отырысы өткізілді. Күн тәртібінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» орындалуы туралы және «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын жұмыспен қамту» бағыты бойынша партиялық куратор комиссиясының есебі мен Алматы облысында «Сәтті қадам» партиялық жобасының жүзеге асырылуы барысын баяндайтын есептер тыңдалды.
«Ағымдағы жылдың соңғы 5 айында 2 аймақтық, 2 бейнебайланыс режимінде отырыстар өтті және 1 рейд ұйымдастырылды. 2017 жылдың 4 мамыр айында «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы жанынан құрылған аймақтық комиссия мүшелері білім беру мекемелерінің қолжетімділігін және мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивтік білім беру үшін жасалған жағдайды мониторинг ету мақсатында рейд жүргізіп, барлығы 10 нысанды тексерілді», — деді өз сөзінде «Нұр Отан» партиясы Сайлауалды бағдараламасының «Халықтың әлсіз тобын жұмыспен қамту» бағыты бойынша партиялық кураторлық комиссияның жетекшісі, облыстық мәслихаттың депутаты, «Жетісу» Авиа Компаниясы» АҚ директоры Қалмұхамед Дөңсебаев.
Ал облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Сексембай Бекішов өз кезегінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша оператор болып табылады, оған бюджеттен 4,1 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде:
– Республикалық бюджеттен 3,2 млрд. теңге (037 бағдарлама); – шағын несиелерді кепілдендіруге 335,3 млн. теңге (060 бағдарлама); -Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялауға 49,3 млн. теңге (061 бағдарлама) бөлінгені туралы хабарлады. Оған қоса «Жұмыссыз және нәтижесіз жұмыс істеп жатқандардың кепіл мәселесін шешу мақсатында шағын несиені жартылай кепілдендіру енгізіледі. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдіктер мөлшері 85%-ға, жұмыс істеп тұрған 50%-ға дейін. Ауылдық жерлерде мемлекеттен кепілгер «Казагрогарант» АҚ болды», — деді баянсөз иесі.
«Жас Отан» Жастар қанаты жергілікті кәсіпорындармен жемісті ынтымақтастық орнатып, «Сәтті қадам» жобасы аясында колледждер мен ЖОО түлектеріне тәжірибеден өтуге, кейін жұмысқа орналасуға көмектесіп, көптеген жастың өмірден өз орындарын табуына жағдайының жасалуы турасында «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Бахтияр Жақсыгелдинов мәлімдеді.
— Бүгінде Елбасының тапсырмасы аясында «Жас Отан» Жастар қанатының Алматы облыстық филиалы 2017 жылдың І жартыжылдығында облыс бойынша 33 мемлекеттік мекеме, 2 ірі кәсіпорындарымен, 35 әртүрлі мекемелермен өзара түсіністік және әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» («Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020»), «Серпін — 2050» бағдарламаларының механизмдері арқылы жобаны іске асыру бойынша өңірлік жұмыс тобының отырысы құрылып, жыл басынан бері 663-тен аса адамның қатысуымен 3 рет «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтті. Жәрмеңкеге қатысқан мекемелер саны — 45. Ұсынылған бос жұмыс орындары — 2607. Жәрмеңке нәтижесінде 125 жұмыссыз жасқа жолдама беріліп, 40 азамат жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, қайта даярлау курстары бойынша 12 мүгедек жандар оқуға қабылданды», — деді Бақтияр Жақсыгелдінов өз сөзінде.
Бюро отырысының қорытындысында қарастырылған барлық мәселелер бойынша ұсыныстар мен толықтырулар тыңдалып, Бюро мүшелері тиісті шешім шығарды, арнайы қаулы қабылданды.

«Кедергісіз келешек» жобасы орындалуда

«Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында жылдың басынан бері 60 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде теледидар мен радиода 9, БАҚ беттерінде 17, партияның сайтында және басқа да әлеуметтік желілерде 34 мақала жарық көрді. Осы жоба аясында ағымдағы жылы «Қол өнер — мол өнер» атты тақырыппен 12 көрме ұйымдастырылды. Көрмеге «Асар» ҚБ, «Әлеумет» БПҰ, «Аялы алақан» БПҰ, «Ерлік» ҚБ, «Әділет» БПҰ мүшелері қатысты.
«Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесі бойынша 8 ашық есік күндері өткізілді. Әртүрлі топ мүгедектігі бар жандар көмек сұрап келіп, мәселелері оңтайлы шешім тапты. Мысалға, қаламыздың тұрғыны, көп балалы ана әлеуметтік көмек сұрап келді. ТҚФ тарапынан «ЭКСПО — 2017» көрмесіне 3 билет пен киім-кешек табыс етілді.
«Құлагер» бастауыш партия ұйымының белсенді жастары облыстық «Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» КММ-де «Ана — өмірдің шуағы» атты концерттік шара өткізді. Шараға 200-ден астам адам қатысты.
«Әлеумет» БПҰ «Қамқор» ПТ 2 тәрбиеленушісі жоба аясында «Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО — 2017» көрмесіне қатысып қайтты. Сонымен қатар Алматы қаласында боулингтен өткен республикалық турнирге қатысып, жүлделі 1-2 орындарды иеленді.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуына байланысты жыл басынан бері 13 адам тұрақты жұмысқа, 30 адам қоғамдық негізде, 5-еуі жастар практикасымен, 10 адам үш айлық курсқа оқуға жіберілді.
Талдықорған қаласы бойынша 2014 жылы облыс бюджетінен 34 пандусқа 24,2 млн. теңге қаржы бөлінген еді. Бүгінгі күні осы пандустар мүмкіндігі шектеулі 6 мыңнан астам адамға көп көмек болуда. Сонымен қатар Талдықорған қаласындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды 5 электр көтергіш құралдары арқылы көтеру жұмысы да атқарылады.
Әсия Ахметова, партияның
Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

«Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасы

«Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасын іске асыру барысында биыл бірінші тоқсан бойынша тұрақты жұмыспен 151 адам қамтылса, қоғамдық жұмысқа 212 адам, әлеуметтік жұмысқа 94 адам тартылды.
Жұмыспен қамту орталығымен бірлесе аудандағы мекемелер, шаруа қожалықтарындағы бос орындардың тізімі жасалып, жәрмеңке өткізілді. Нәтижесінде 7 адам жұмысқа орналасты.
Аудан бойынша өткен жылы «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы аясында жеке кәсібін ашуға 96 адам 357 миллион теңгеге несие алса, биыл 400-ден астам адам өз ісін дөңгелетуге ниет білдірді. 2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша «Кәсіпкерлікті жаппай дамыту», жылдың басынан оқуға кәсіпкерлік негіздері «Бастау бизнес» жобасы бойынша 92 адам жіберілді, олардың 88-і оқуын аяқтап, сертификат алды. 2017 жылы қосымша 65 адам келесі бағыт бойынша оқуға жіберіледі. Қазіргі таңда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ға шағын несие алу үшін 40 адам жіберілді, олардың ішінен 8 адам 35 млн. теңге көлемінде несие, ал 4 адам «Ырыс» несие серіктестігі арқылы 19 018 млн. теңге көлемінде шағын несие алды. Қалған қатысушылардың құжаттары қаралуда. Бұл партиялық жобаның орындалуын біз қатаң бақылауға алдық.

Қуат Байғоджаев,
Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары

«Менің болашағым» атты облыстық байқау өтті

Жуырда «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ерекше күтімді қажет ететін балалар арасында облыстық байқау өткізілді.
«Менің болашағым» атты байқауға Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Бәйтерек» және «Үміт» күндіз болу орталықтарының тәрбиеленушілері белсене атсалысып, көрермендерге арнайы қолөнер көрмесін дайындады.
Жалпы конкурс үш номинация бойынша өткізілді. Әншілік өнер, би билеу мен қолөнер шеберлігін көрсету бойынша сайыста 26 үміткер өз бақтарын сынады.
«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев бастаған әділқазылар алқасы кішкентай өнерпаздардың дайындаған әні мен биін тыңдап, қуанышты көңіл күйлерімен ортақтасты.
— Бүгінгі дода — өнерпаздардың бақ сынасып, өз өнерімен көпшіліктің көзайымына айналатын қолөнерін көрсететін жас талапкерлердің сайысы. Сендер бойларыңдағы бар күш-жігерлеріңді аямай, осындай көңіл қуантатын қызықты көрменің көпшілікке ұсынылынуына себепкер болдыңыздар. Партияның жас дарынды достары, сендерге үлкен өмірде сәттілік тілейміз! — деді Ғалиасқар Төлендіұлы өзінің құттықтау сөзінде
Сайыс соңында әр номинация бойынша орындар тағайындалып, жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Ән» номинациясында көрермен көзай-ымына айналған «Бәйтерек» күндіз болу орталығының балалары «Батырлар ұранын» орындаған Меңлібай Ақжол мен Қалдыбай Тілеужан марапатталса, биден алдына жан салмаған «Бәйтерек» күндіз болу орталығының «Іскер жігіттер» би тобы мен өзбек биін шебер орындаған Әйгерім Айдарқызы марапатталды.
Қолөнер бойынша әділқазылардың жоға-ры бағасына «Бәйтерек» орталығының тәрбиеленушісі Қанабекова Айжан, екінші орын «Үміт» күндіз болу орталығынан Кирилл Беда мен үшінші орынды «Бәйтерек» орталығынан Артем Гринев иеленді.

Бетті дайындаған — Нұрила Бектемірова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз