Жуырда Астана қаласындағы «Has Sanat» өнер галереясында дүниежүзіне белгілі француз фотографы Луик Лагардтың «Париж-Астана» атты фотокөрмесі өтті. Қазақстанға екінші рет саяхат жасап отырған оны елорданың зәулім ғимараттары, соның ішінде «Әзірет Сұлтан» қайран қалдырыпты. Негізгі мамандығы инженер-электротехник болса да, әсем жерлерді аралау оның фотограф ретінде танылуына септігін тигізген. «Photoshop» бағдарламасын пайдаланбауымен ерекшеленетін өнер иесі биыл Қазақстанның өзге аймақтарына саяхат жасауды жоспарлап отыр екен.
— Әзірге жері кең Қазақ Елінің қай өңірлеріне баратынымды шешкен жоқпын. Бірақ Қазақстан жөнінде ақпараттар жинап, көрікті жерлерді суретке түсіріп, Парижде жеке көрмемді өткізсем деймін. Сондай-ақ, менің негізгі аудиториям АҚШ пен Еуропа елдері болса, олар Астана жөнінде аз біледі. ЭКСПО көрмесі арқылы толығырақ біліп жатқаны анық. Дегенмен, Астанаға келмеген шетелдіктердің қызығушылығын еңбегім арқылы оятқым келеді, — дейді Л.Лагард.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз