Жер шарының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі — таза ауа. Ол — тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9 %-ы осы оттегіден тұрады, ол — тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика — көпжылдық ағаштар өсетін орман.

Қазіргі кезде Алматы облысы әкімдігінің қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры 4,1 миллион гектар, оның ішінде орманмен көмкерілген аумақ 1,7 миллион гектарды құрайды. 15 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері орман қорының күзетiлуiн, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiрудi, орманның пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Дегенмен, жылма-жыл табиғатқа да мұқият күтім қажет екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Біз осы салада атқарылып жатқан жұмыстың бағытын білу мақсатымен Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Керімбек Жаншабай мырзамен болған әңгімені назарларыңызға ұсынамыз.
Тұқымбақта
6,4 млн. дана көшет өсіріледі

«Орман — жер сәулеті» деген ұғым бар. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 2015 бұйрығына сәйкес, бүгінгі күнде орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде штат толығымен қамтылған. Оның ішінде: 46 орманшы, 108 орман шебері, 502 орман күтуші бар.
Жыл сайын орманды күту жұмыстары үзіліссіз жүргізіліп келеді. Мысалы, ағымдағы жылы көктемде орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерімен, облыстық мемлекеттік орман қоры аумағында 242,5 гектарға орман екпелері отырғызылды. Оның ішінде қылқан жапырақты —
120,0 гектар, жай жапырақтылар 122,5 гектар жерді алып жатыр. Қарағаш, Сиверс алмасы, қайың, терек, жиде, Шренк шыршасы және тағы басқа ағаш түрлері бар. 967,0 мың дана екпелермен және көшеттері жайнап өсіп тұр. 10,0 гектар алқапқа табиғи жәрдемдесу және орман екпелерін толықтыру жұмыстары 218,3 гектар жерде жүргізілді.
Орман мекемелерінде 17 орман тұқымбағы жұмыс істейді, онда 6,4 млн. дана алуан түрлі ағаш-бұта көшеттері өсіріледі. Жасыл аймақтар, саябақтар және гүлзарларды отырғызуға, басқа да елді мекендерді көгалдандыруға, орман тұқымбақтарынан 208,8 мың дана көшет сатылды, одан 33 191 мың теңге қаражат түсті.
Ормандағы жайқалған жасыл ағашты сақтау — біздің мекеменің басты міндеттерінің бірі. 2017 жылдың басынан бері орман заңдылықтарын сақтау жөнінде 443 рейд жүргізіліп, 15 заңсыз сүрек кесу оқиғалары анықталды. Келтірілген залал бойынша 219 мың теңге айыппұл салынып, толық өндірілді. 15 заңсыз сүрек кесу оқиғалары бойынша шара қолдану үшін құжаттары құқық қорғау органдарына өткізілді.
Жалпы орман заңдылығын бұзу туралы 24 хаттама толтырылып, салынған әкімшілік айыппұл 791,7 мың теңге толығымен өндіріп алынды. Әрине, орман заңбұзушылығы да жиі орын алып отырады. Мысалы, осы уақытқа шейін 18 оқиға тіркеліп, 23,8 мың теңгеге залал келтірілген. Жекелеген адамдар орман қоры жерлерінен өз беттерінше шөп шауып, мал жаюға немесе дәрілік шөптерді жинауға болады деп ойлайды. Алайда осындай іс-әрекеттерге заңмен тосқауыл қойылған. Сондықтан орман қоры жерлерінде заңбұзушылыққа жол берген 6 оқиға аңықталып, 35,3 мың теңге залал толық өндірілді. Табиғаттың жасыл әлемін өз бетінше бүлдіруге, жоюға болмайтынын орман аумағында тұратын тұрғындар арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп отырады. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, жасыл өсімдік әлемін болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру үшін тиісті шаралар жүргізіп жатырмыз.

Өрт — тілсіз жау

Соңғы кезде Сібірдегі өрт апаттары қалың орманды күлге айналдырып, жалмап жатқанын телеарналардан көріп, жұмысымыздың негізгі міндеттерінің бірі — орман қорын күзету және орман өртінен қорғауды қамтамасыз ету туралы іс-шараларды нәтижелі жүргізуге бар күш-жігерімізді жұмсап жатырмыз. Орман өртінің алдын алу жұмыстарын жүргізу өрт қауіпті маусым басталмастан бұрын іске асырылады. Жылдағы дәстүр бойынша 2017 жылдың ақпан айында басқарма барлық аудандардың әкімдіктерімен, мемлекеттік орман күзеті қызметшілерімен және басқа мекемелермен бірігіп (аудан әкімдері, ауылдық округтер әкімдері, учаскелік полиция, ТЖ қызметінің мамандары, шаруа қожалықтарының басшылары, орман және аң пайдаланушылар) өткен жылдың өрт қаупі жоғары маусымының қорытындысы мен алдағы жылдың мақсаттары бойынша жиын өткізілді. Орман шаруашылығы мекемелері тарапынан өрт қауіпті маусымға дайындық барысында өртке қарсы техника, құрал-жабдықтар жөнделіп, жанар-жағармайдың қоры құрылды.
Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері аудандық төтенше жағдай бөлімдерімен өрт сөндірудің бірлескен жоспарларын жасап, бекітті. 558 орман пайдаланушылардың орман өртіне қарсы іс-шаралар жоспарлары келісілді. Ауыл шаруашылығы құрылымдары қызметшілерінен, жергілікті ауыл тұрғындарынан құрылған 1693 мүшесі бар ерікті өрт сөндіру жасағы құрылды. Картографиялық сызба бойынша «Қазәуеорманқорғау» мекемесімен әуеден патрулдеудің бағыттары анықталды.
Орман өртін сөндіру тактикасын үйрену және өрт сөндіру кезінде техникалық қауіпсіздікті сақтау мақсатында облыстың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде төтенше жағдай мамандарымен бірлескен 1 облыстық және 17 аудандық өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Өртке қарсы қызмет мамандарымен, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен, табиғат қорғау және учаскелік полициялармен бірлескен рейдтер ұйымдастырылуда, орман күзеті мамандары 22 өрт бақылау мұнаралары арқылы тәулік бойы бақылау жүргізілуде, өрт шығу қаупі жоғары учаскелерге тосқауылдар (шлагбаумдар) қойылуда. Басқарма мен орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мамандарынан демалыс және мейрам күндері кезекшілік ұйымдастырылуда.
Жерлері мемлекеттік орман қорына шектесетін шаруа қожалықтармен, орман қорына демалуға келушілермен орман өртінің алдын алу жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда. Шын мәнісінде, өрттің шығуына себепкер — адамдар. Қалай болса солай өшірілмей лақтырыла салынған темекі тұқылынан өрт шығып, қалың орманды жойып жіберуі мүмкін. Осыған байланысты өртке қарсы насихат жүргізу, аншлаг, панноларды жасау мен орнатуға ағымдағы жылы 3359,3 мың теңге қаражат бөлініп, медиа жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Ауылшаруашылық құрылымдарына 786 дана ескерту берілді, 2445 дана өрттің қаупі жайында парақшалар таратылды, жергілікті тұрғындар мен мектеп ұжымдарымен 253 лекциялар жүргізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында 54 мақала жарияланды.
Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінде материалдық-техникалық жабдықталу жақсартылды. Бүгінгі күні мекемелер 22 өрт сөндіру автокөлігімен, 20 сутаратқышпен, тіркемелі құралмен жабдықталған 26 трактормен, 141 жүрдек автокөлікпен, 139 мотоциклмен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік орман қорын қорғау үшін орман күтушілерге жағдай жасалып жатыр, 773 радиостанция тұрақты байланысты қамтамасыз етеді, орман күзеті 440 бас атпен, 250 кордонмен қамтамасыз етілген.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-02/54 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережеге сәйкес, 15 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 16 орман өрт сөндіру станциясында өртке қарсы қызмет орналастырылады.
Осындай сақтық шараларына қарамастан, 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында жалпы ауданы 5,4 га қамтыған 2 орман өрті тіркелді. Олар дер кезінде байқалып, өшірілді, келтірілген залал 19,7 мың теңгені құрады.
Өрт қауіпсіздік ережесін сақтамағаны үшін 9 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, орман шаруашылығына келген 567,2 мың теңге шығын толығымен өндірілді.
Күрті және Жаркент орман шаруашылығында 2 орман өрті тіркелді, өртенген орман алқабы барлығы 5,4 гектар, оның ішінде: орман көмкерген 2,9 гектар, орманды емес 2,5 гектар. Келтірілген залал — 19,7 мың теңге.

Су объектілерінің экологиялық жағдайы

Су объектілерін экологиялық талаптарға сай ұстау, олардың ластануы мен құрғауының алдын алу, өсімдік және жануарлар дүниесінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысында су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату жұмыстары 2006 жылы бастау алған.
Облыста ірі 301 су объектісі бар. 2006-2016 жылдар аралығында 192 (5 көл, 3 су қоймасы және 184 өзендер мен бұлақтар) су объектісіне су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобалары жасалды.
2006-2016 жылдары су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалауға бюджеттен жалпы құны 600,4 млн. теңге, орнатуға 227,7 млн. теңге бөлініп, игерілді. Олардың ішіндегі ең ірілері — Балқаш, Алакөл көлдері, Бартоғай, Қапшағай су қоймалары және Іле, Қаратал, Қаскелең, Талғар, Есік, Көксу, Тентек және басқа өзендер.
2017 жылы 21 өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобаларын жасау жұмыстарына облыстық бюджеттен 31,6 млн. теңге бөлініп, жобалар жасалып жатыр. Алматы облысында Балқаш көлінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында өзендердің арнасын кеңейтіп, аршып тереңдету, механикаландырылған тазарту жұмыстары жыл сайын жүргізіліп отырады.
Балқаш ауданында Іле өзенінің атырау сағасын механикалық тазартуға 2005-2017 жылдары аралығында облыстық бюджеттен 710,0 миллион теңге игеріліп, 14 жоба жүзеге асырылды. Тазаланған өзен сағасының ұзындығы 614 шақырым.
Қаратал өзені атырауының сағасын механикаландырылған тазартуға 2014-2017 жылдар аралығында облыстық бюджеттен 396,2 миллион теңге игеріліп, 5 жоба іске асырылды. Нәтижесінде өзен атырауының 27 шақырымға (26,9 км.) жуық сағасы тазаланды.
2017 жылы Іле және Қаратал өзендерінің сағасын тазалау жұмыстарына 172,0 миллион теңге қаражат қарастырылып, 36,9 шақырым жағалауларды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Іле, Қаратал өзендерін механикаландырылған тазарту жұмыстарының 5 жобасын әзірлеуге 2017 жылы облыстық бюджеттен 91,1 миллион теңге бөлінді. Жобалар сараптама қорытындысының оң шешімін алысымен ағымдағы жылы қосымша 685,646 миллион теңгеге механикаландырылған жұмыстар жалғастырылатын болады.
2021 жылға дейінгі Балқаш көлінің экожүйесін жақсартуға бағытталған өңірлік бағдарламаға сәйкес 7,132 млрд. теңгеге ары қарай жұмыстар жүргізіледі.
Аталған шаралардың орындалуының нәтижесінде, Балқаш көліне құйылатын судың өтімділігі өсті, ауыл шаруашылығының суғармалы жерлерін сумен қамтамасыз ету жақсарды, балықтың таралуы және уылдырық шашуы, сағадағы өсімдік және жануарлар дүниесінің өсу тенденциясы байқалуда. Көріп отырғандай, мемлекет тарапынан су объектілерінің экологиялық жағдайын жақсарту үшін қыруар қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жан-жануар әлемі

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің №111 «Жануарлар дүниесі объектілерінің 2017 жылдың 15 ақпаннан бастап, 2018 жылдың 15 ақпанына дейін аулау лимитін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Алматы облысы бойынша жалпы 8233 тонна балық аулауға лимит бөлінді. Оның ішінде Балқаш көлі бойынша 6992 тонна, Алакөл көлдер жүйесі бойынша 404 тонна, Қапшағай су қоймасына 822 тонна және жергілікті маңызы бар су айдындарына 14,2 тонна балық аулауға болады.
Жыл басынан табиғат пайдаланушылардың өтінімдері бойынша жалпы сомасы 34,4 млн. теңге бюджетке төленіп, балық аулауға 74 рұқсат қағаз берілді. Аң аулаудан жалпы сомасы 422,26 мың теңге бюджетке төленіп, 12 рұқсат қағаз берілді.
2017 жылға облыс бюджетінен зиянкес жыртқыштарды жоюға 7,7 млн. теңге бөлінген. Жыл басынан орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерімен 247 зиянкес жыртқыштар жойылды, оның ішінде 177 қасқыр және 70 шибөрі, аталған шараларға 4200,0 мың теңге игерілді.
Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша 133 балық шаруашылығы су айдындары және учаскелері бар, оның 97 учаскесі 36 табиғат пайдаланушыға бекітіліп берілген.
Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша 109 аңшылық шаруашылығы бар, оларға 4,6 млн. гектар аңшылық алқабы бөлінген. Осындай қыруар шаруаны табиғатты қорғау мақсатында біздің басқарма қолданыста жүрген заңдар аясында жүргізіп келеді.

 

Керімбек Жаншабай — Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз