«Маған қай жерде өмір сүрсем де бәрібір», — деді балақай

Демалыстарда балалармен бірге аяқдоп ойнап тұрамын. Бізбен бірге аралас мектепте оқитын орыс балалары да келіп ойнайды. Әртүрлі сыныптарда оқитын балаларға менің қоятын дәстүрлі сауалдарым мен ескертулерім бар. Бірінші сауалым: «Қазақ тілін білесің бе?» — деймін. Өкінішке қарай, басқа ұлттың, әсіресе орыс балалары қазақшаны қақпайды. Екінші түсіндірме сауал болып келеді. «Білесің бе, — деймін мен, — қазақ тілі жай тіл емес, мемлекеттік тіл. Оны осы Қазақстанда өмір сүрген әрбір азамат пен азаматша білуі тиіс. Немене, бұл жөнінде ата-анаң, мұғалімдерің айтпай ма?». Бала қабағын түйіп, иығын қиқаңдатады. Содан кейінгі сауалым сәл өткірлеу болады. «Орыс тілі — Ресейдің мемлекеттік тілі. Міне, қарашы, менің балаларым, немерелерім үш-төрт тіл біледі. Шетелге барса, ағылшынша сөйлей береді. Орыс тілінде де жаман сөйлемейді. Жалпы, саған қай жерде тұрған ұнайды? Қазақстанды жақсы көресің бе?». Бұл сауалым оған қиындау соғатынын білемін. Бірақ олардың көбісінен «Қай жерде тұрсам да, маған бәрібір» деген сияқты жауапты естимін.

Ертай айғалиұлы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз