Жыл сайын қаланың санитарлық жағдайы мен қала тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі тарапынан көптеген ic-шаралар жүргізіліп келеді. Айта кетейік, ауызсу қоймалары міндетті түрде зертханалық тексерулер арқылы ғана халыққа тұтынуға беріледі. 2017 жылғы І жартыжылдық қорытындысы бойынша ауызсумен қамтамасыз ету тұрақты болып бағаланған болатын. Ал қала тұрғындарынан ауызсуға байланысты инфекциялар тіркелген жоқ. Өйткені зертхананың ауызсу қолдану туралы жүргізілген мониторингінің шешімі бойынша 344 бактериологиялық және 93 санитариялық-химиялық көрсеткіштерге алынған сынаманың нәтижелері ереженің талаптарына сәйкес келді. Алайда ашық су қоймаларынан зертханалық тексеруге алынған 76 судың сынамасының ішінде 28 пайызы бактериологиялық көрсеткіштер бойынша санитариялық ережелеріне сәйкес еместігі анықталды.

Еске сала кетейік, қаладағы ашық су қоймаларының тазалығы мен қала тұрғындарына қауіпсіз жағдай қамтамасыз ету туралы мәселе 2017 жылғы маусым айының 15-інде қала әкімдігінің төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясының арнайы отырысында қаралып, № 10 хаттамалық шешім қабылданып, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілген еді. Қазір осыған байланысты нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Жылдың басында 41 тұрақты жабайы сауда-саттық орындар болған, І жартыжылдық бойы 83 жабайы сауда-саттық орындар жойылған, құзырлы органдармен, атап айтсақ, «мобильді топтармен» жоспардан тыс 94 айналым жүргізілді. Атап айтқанда, ішкі істер басқармасына 8, аудандық әкімшілікке 12, прокуратураға 2, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына 12 ақпарат жіберілді. Жұмыстар құзырлы органдар мамандарымен «мобильді топтармен» апта сайын жүргізіледі.
Сонымен қатар қаламыздағы қоғамдық тамақтану мекемелері, оның ішінде кафелер, мейрамханалар, тойханалар 50 орындықтан асқан жағдайда ерекше тәртіп бойынша тексерілетіндігін еске сала кеткеніміз жөн. Сауда-саттық мекемелер, базарлар, қоғамдық тамақтану мекемелер арыз-шағым, шұғыл хабарлама түскен жағдайда жоспардан тыс тексеріледі.
Сондай-ақ, 2017 жылдың 6 айында 259 қоғамдық тамақтандыру, 67 тамақ өндірісі, 165 сауда-саттық мекемелері тексерілді, оның ішінде 395 мекеме басшыларына ұйғарым берілді. 256 жұмысшы 40 мекемелерден медициналық тексерістен өтпегендігіне байланысты жұмыстан босатылса, 5 мекеме бойынша материалдары сотқа жұмысын тоқтатуға жіберілді. Анықталған бұзушылықтарды болдырмау және санитарлық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде көпшілікке түсініктеме де берілді.
Тамақ өнімдерінің сапасын ерекше тәртіп бойынша, қоғамдық, сауда-саттық, тамақ өндіріс мекемелерінен алынады, әр тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Пестицидтер мен нитраттарға 752 сынама алынған, оның ішінде 1 сынамада (пияз) нитраттардың мөлшері 1,2 рет көп болған. Санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 1957 сынама алынды, оның ішінде 6 (0,3%) сынама КӨ ТР сәйкес келмеді. Микробиологиялық көрсеткіштерге 1772 сынама алынған, оның ішінде 69 (3,9%) сәйкес келмеген. Патогендік көрсеткішке 1644 сынама алынған, оның ішінде 1 (0,1%) сынама сәйкес келмеген. Барлық сәйкес келмеген сынамалар бойынша әкімшілік жаза қолданды.
Өнімдердің қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде қаладағы сауда жүйелерінен техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігіне тексеру үшін жыл басынан бері 1028 өнімдердің сынамасына бақылау сатып алу жүргізді. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысы бойынша 83 зерттелген сынамалардың (8,1%) техникалық регламенттер талаптарына сәйкес еместігі анықталды. Бұзушылықтың басым бөлігі өнімдерді таңбалау бойынша сәйкессіздікке келеді (79%), 21% сынамаларда бактериологиялық көрсеткіштері бойынша сәйкессіздіктер анықталған.
Анықталған бұзушылықтар бойынша 35 ұйғарым берілді, 19 кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды, олардың ішінде 5 материалдар сотқа қарауға жолданды, сот шешімі бойынша 2 субъекттің қызметі 2 айға дейінгі мерзімде тоқтатылды. Талапқа сәйкес емес 3,2 келі көлеміндегі өнімдер өндірушілерге қайтарылды және өндірістен алынды.
Камералдық бақылау бойынша 2 субъект қызметіне тексеріс жүргізілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша 1 субъектке қатысты әкімшілік іс қозғалды, сот шешімі бойынша жалпы сомасы 226900 тг айыппұл салынып, субъект қызметі 2 күнге тоқтатылды.
Қолданыстағы заңнаманы түсіндіру және мәселелі сұрақтарды талқылау мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің жанынан Алматы қалалық штабымен өнім тасымалдаушыларымен және өндірушілерімен 5 жиналыс, қосымша дөңгелек үстел жүргізілді, өнімдердің қауіпсіздігі мониторингі қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген. Қазақ стандарттау және метрология институтымен бірлесе техникалық регламенттер талаптарын талқылау және оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде Алматы қаласында 238 жалпы білім беретін мектеп және 27 мектеп-интернат бар. Санитариялық жағдайын жақсарту мақсатында 17 мектепте күрделі, қалғандарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезеңде білім басқармасының мамандарымен және әкімшілік өкілдерімен бірігіп, мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы, санитариялық-техникалық жағдайы тексеріледі.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі тарапынан қаланың санитарлық жағдайын қадағалау және тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында басқа ведомствалармен бірігіп жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 6 айында инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болды. Қалада 36 нозология бойынша аурушаңдық тіркелген жоқ, оның ішінде аса қауіпті инфекциялар, іш сүзегі, қызамық, күл ауруы, сонымен қатар ұйымдасқан ұжымдарда, ауруханалар және сауда объектілерімен байланысты топтық аурушылық тіркелмеді.
Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 23 нозология бойынша аурушаңдық деңгейі төмендеді, оның ішінде қызылша, сальмонеллез, тағамнан улану, ботулизм, кене энцефалиті, эхинококкоз.
Дегенмен 13 нозология бойынша аурушаңдықтың жоғарылауы байқалады, соның ішінде туберкулез, А вирустық гепатит, С вирустық гепатит, бактериялық дизентерия, анықталмаған ішек аурулары, лямблиоз.
Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтарға аталған инфекцияларының бірнеше алдын алу шаралары бар екендігін ескерткен жөн, соның ішінде инфекциялық ауруларға қарсы профилактикалық екпелерді уақытында жасату, рұқсат етілмеген су қоймалары мен көлдерде шомылмау, балаларды лас су қоймаларға жақындатпау және ашық су қоймаларында шомылғанда су жұтып алуға болмайтынын түсіндіру, сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтау (әсіресе балаға қыдырудан кейін, тамақтану және ұйықтар алдында, дәретханадан кейін қолын жууды үйрету), қолдану алдында жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін сумен мұқият жуу, үйде дайындалған тағамдардың сақтау және дайындау ережелеріне көңіл бөлу, тағам өнімдерін ретсіз сауда орындарынан сатып алмау, қоғамдық орындарда тазалықты сақтау.

М. Біржанов, басшының міндетін атқарушы
Орындаушылар: А.С.Ахметова, Г.Қ.Қилыбаева,
А.Б.Мусаева, Н.В.Дягилева, Д.И.Суханберлиева

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз