ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев Үкiмет отырысында мемлекеттiк бағдарламалардың жүзеге асу барысын сынға алып: «Елбасы Бурабайда жұмыс бабында кеңес өткiзiп, мемлекеттiк бағдарламаларға қатысты бiрқатар орынды сын-ескертпелер айтты. Оның барлығы бiздiң жұмысымызда ескерiлiп, Елбасының тапсырмасы орындалуы қажет. Осыған байланысты сiздердiң назарларыңызды бiрқатар маңызды жайтқа аударғым келедi. Бiрiншiден, отырыс барысында мемлекет басшысы 7 айдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыруға бөлiнген қаражаттың 40 пайызы ғана игерiлгенiне назар аударды. Бұл бағдарлама әкiмшiлерiнiң қаражаттың басым бөлiгiн жылдың екiншi жартысында игерiп келе жатқанын бiлдiредi. Жауапты мемлекеттік органдар мен әкiмдiктерге осы мәселенi тұрақты түрде бақылауда ұстау керек. Бұл әсiресе бiлiм беру нысандарына байланысты. Ұлттық экономика министрлiгiне нысандардың уақытында пайдалануға берiлуiне ай сайын мониторинг жасап, Үкiметтi ақпараттандыруды тапсырамын.
Ерлан Кенжеғалиұлы (Сағадиев), бiз сізден қыркүйек айының басында мектептер бойынша бағдарламаның жүзеге асуы жайлы егжей-тегжейлi баяндама күтемiз. Себебi 1 қыркүйекке дейiн қосымша 48 мектептi пайдалануға беру жоспарланып отыр», — дедi.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз