19-30 тамыз аралығында Қытай Респуб-ликасының астанасы Тайбэйде өтетін XXIX бүкіләлемдік жазғы Универсиадада ел намысын 14 спорт түрінен 122 спортшы қорғап жатыр. Жалпы, универсиадада спорттың 13 түрі міндетті болса, қалғанын алаң қожайындары өз еріктерімен енгізеді. Біздің елден әр спорт түрінен өнер көрсететін спортшылар саны төмендегідей: спорттық гимнастикадан — 7; дзюдодан – 15; садақ атудан – 12; ауыр атлетикадан – 11; семсерлесуден – 10; жүзуден – 4; таэквондодан – 15; үлкен теннистен – 4; үстел теннисінен – 6; жеңіл атлетикадан – 25; гольфтен – 4; у-шудан – 4; ашық суда жүзуден – 3; көркем гимнастикадан – 2.
Қазақстандықтар ішінен құрама қоржынына бірінші медальді ауыр атлет Арли Чонтей салды. Алғашқы жарыс күні ауыр атлетикадан 56 келіге дейін салмақта сынға түскен Чонтей серпе көтеруде 115 келі, жұлқа көтеруде 143 келіні еңсеріп, жарыс қорытындысы бойынша 258 келілік зілтемірді бағындырды. Бұл салмақта солтүстіккореялық зілтемірші Ом Юн Чхоль 294 келіні (129+165) көтеріп, универсиада чемпионы атанса, күміс медальды 263 келіні (119+144) еңсерген доминикандық Луиса Альберто Гарсии еншіледі.
Тағы бір қола медальді суға жүзуден Дмитрий Баландин алып берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз