Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттары Энергетика министрінің орынбасары Дэн Бруйллэттпен кездесті. Мемлекет басшысы Энергетика министрінің орынбасарына халықаралық «ЭКСПО — 2017» мамандандырылған көрмесіне қатысқаны үшін ризашылық білдіріп:
«Біз биыл дипло-матиялық қарым-қатынасымыздың 25 жылдығын атап өтеміз. Осы уақытта энергетика және демократиялық әріптестік салаларындағы келісімдерге қол қойылды. Қазақстанда Америка капиталының қатысуымен 500-ден астам компания жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында еліміздің экономикасына 40 миллиард АҚШ долларын құйған ірі мұнай компаниялары бар. Біз ынтымақ-тастығымызды одан әрі дамытуға әзірміз», — десе, Бруйллэтт: «Біз екіжақты қарым-қатынасымызды энергетика секторында ғана емес, сондай-ақ басқа салаларда да жалғастыруға дайынбыз. Вашингтон Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше болуына қолдау көрсетуге ниетті», — деп, алғысын айтты.