Мектеп жасындағы әр баланың біліммен қамтамасыз етілуі тек ата-ананың ғана емес, күллі қоғам мүшелерінің адамгершілік парызы болып табылады. Осы орайда дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында ұйымдастырылуда. Аталмыш науқан Алматы қаласы №156 жалпы білім беретін мектеп ұжымында да оң нәтиже көрсетіп отыр. Мектеп басшысы Ахметова Гүлнар Мәмбетқызының жеке кәсіпкерлерге қызметтік хаттар жазып, демеушілік білдірулерін сұраған ниеті жауапсыз қалмады. Оқу жылы басталғанға дейін Алатау ауданына қарасты Өжет мөлтекауданында орналасқан «Алпысбай», «Руслан», «Рашид» дүкен иелері мектеп басшысы көрсеткен отбасылық жағдайы арнайы зерттеу нәтижесінде анықталған оқушыларға түрлі деңгейдегі қолдауларын көрсетті. Төрт оқушы мектепке қажетті киім-кешекпен, құрал-жабдықпен толық қамтылды. Сонымен қатар, Қыстаубайұлы Манас атындағы мешіт мектептің 30 оқушысына оқу құралдары толтырылған сөмкелер сыйлады.
Бұл қайырымдылық шарасын Гүлнәр Мәмбетқызы мектеп көлемінде әлі де іске асырып келеді. Солардың бірі ретінде мектепте кеңсе тауарлары бұрышы ұйымдастырылды. Оған жүрегінде ізгілік нұры бар кез келген ерікті өз шама-шарқынша кеңсе тауарларын сыйға тарта алады. Бұл игіліктердің барлығы жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан және жетім балаларға арналып жасалып жатыр. Біз бұл игі шараларға «Бәрекелді!» деп, ризашылығымызды білдіреміз.
Айзат Рақыш

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз