Н.Назарбаев «Нақты 100 қадам» бағдарламасының орындалу барысы туралы Ұлттық жаңғыру комиссиясының отырысын өткізіп, онда осы комиссияның есебін тыңдады. Бас уәзір бастаған министрлер есебін тыңдаған президент: «Ұлт жоспары — елді алға бастайтын негізгі құжат. Мақсат орасан — кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заң үстемдігі, экономикалық өсім, бірлік және есеп беретін мемлекет қалыптастыру. Бес маңызды реформа. Бұл — өте үлкен жоспар. Біз бұны түбіне дейін жеткізіп, барлығын орындап, халыққа «міне, жоспар орындалды, нәтижесі мынадай, жақсылығы мынадай» деп айтуымыз керек. Сондықтан мұны қадағалаудан танбауымыз керек», — деп, осылайша бес бағытта да ауқымды жұмыс істеліп жатқанын, Үкіметке жүктелген жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін таратып айтып, тиісті орындарға нақты тапсырмаларын берді. Сөзінің түйінінде Елбасымыз: «Мен барлықтарыңа сенемін», — деп, министрлер мен әкімдерді қанаттандырып қойды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз