Қазақстанның білім-ғылым саласы тәуелсіздік алған жылдардан бері түрлі өзгерістерді бастан кешірді. Әр келген министр өзгенің бастамасын ысырып тастап, өзінікін енгізуге құмар. Орта есеппен екі жылға жетер-жетпес уақыт отыратын шенділердің реформасы қарапайым халықты әбден титықтатып бітті.

Жалпы, Тәуелсіз Қазақстан тарихында білім мен ғылым саласының басында 15-ке жуық шенеунік отырған екен. Онымен қоймай, білім мен ғылым саласын басқару талай рет өзгеріске ұшырады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында білім мен ғылым екі бөлек сала болса, 1997 жылы білімді мәдениет пен денсаулық сақтау саласымен біріктірді. Екі жылдан кейін одан мәдениетті бөліп, орнына спортты қосты. 1999 жылдың соңында ведомство Білім және ғылым министрі болып атала бастады. Одан кейін министрлікке келген басшылар ең ұзақ дегенде екі-үш жыл ғана тұрақтады. 1990 жылдары білім-ғылым да басқа салалар сияқты тоқырау кезеңін бастан кешірді. Мұғалімдер мен оқытушы-ғалымдар жаппай білім беру мекемелерін тастап, жұмыс орнын базарға ауыстырды. 2000 жылдары білім жүйесіндегі атышулы реформа бірыңғай ұлттық тестілеуді енгізу болса, қазіргі реформаның негізін үштілділік, 12 жылдық білім беруге көшу сынды бағдарламалар құрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз