Ет өнімдері экспортына баса назар аударылмақ 

Астанада өткен Агроөнеркәсіптік инвестициялық форумда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов: «Интеграциялық процестер жағдайында Қазақстанға бәсекелестікке қол жеткізу үшін халықаралық озық тәжірибенің трансферті қажет. Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту және ауыл шаруашылығы саласында өзара тиімді негізде бірлескен өндіріс құру Қазақстан үшін маңызды болып отыр. Еліміз — тартылған инвестицияларға қолайлы жағдай жасау бойынша ТМД елдері арасында көшбасшылардың бірі. Қазіргі таңда ҚХР компанияларымен астықты, майлы дақылдарды, өсімдік майын экспорттау үшін келісімшартқа қол қойылса, Араб Әмірлігі мен Иранға жасымық тасу үшін компаниялармен келісімге қол қою қайта өңделуде, ал, Ресей, Израиль, Гонконг елдерінің компанияларымен күнбағыс тұқымын, қатты бидай, ұн, ноқат, бұршақ, қой етін тасымалдау үшін келісөздер жүргізілуде. «Елге инвестиция тарта отырып, Қытай, Ресей және ЕЫЭҰ елдері нарығына шығуға мүмкіндік бар. Сонымен бірге, Қазақстан Израиль, Кувейт мемлекеттеріне қой етін, ал Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, Еуро Одақ елдеріне құрғақ бие сүтін, Қытай нарығына сиыр, шошқа еттерін, сүт, құс өнімдерін, тірі жануарлар, соның ішінде жылқыларды шығару жоспарлануда. Ал, Парсы шығанағы елдері бойынша келіссөздер аяқталуға жақын», — деп мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз