Мысырда Шарм-эль-Шейх қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы таеквондодан әлем біріншілігінде қазақстандық таеквондошы Бақытжан Әбілхасан 41 келі салмақта сынға түсіп, финалға дейін бес кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Ол ақтық финалдық кездесуде кадеттер рейтингінде бірінші орында тұрған ресейлік спортшы Шамиль Магомедовты айқын басымдықпен жеңді. Бұған дейін Бақытжан биыл Халықаралық «Turkey open 2017» турнирінің чемпионы атанған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз