1. Газеттегі көтеріп жүрген тақырыптарымыздың қайсысы ұнамайды, қайсысы ұнайды? Газет оқылуы үшін қандай мәселелер қамтылуы керек, немесе сіздің жан дүниеңізге не қажет?
2. Қазақстанның дамыған 30 мемлекетінің қатарына тұру үшін мемлекетіміз, халқымыз, билік, қоғамдық ұйымдар нендей мәселелерді атқару керек?
3. Жемқорлық мемлекетімізді тұншықтырып, сансыратып, тұралатып тұр. Бұл кесапаттан құтылудың қандай жолдары бар?
4. Тіл — халықтың жаны. Мемлекеттік тілдің мемлекетіміздегі мәртебесіне, қолданылу аясына, беделіне көңіліңіз тола ма?
5. Қазақ мәселесі, ұлттық идеология мемлекетімізде қандай дәрежеде деп ойлайсыз? Егер оған көңіліңіз толмаса, қандай жолдармен көтеру қажет?
6. Елбасымыз ел экономикасын көтеріп, байлығын тасытып, оның қызығын қарапайым халықтың көруі үшін бар күш-жігерін, ақыл-ойын сарп етіп отыр. Осы мәселені шынайы жүзеге асыру үшін миллиардерлерді, миллионерлерді «мемлекеттік арбаға» жегудің қажеті бар ма?
7. Халықтың, ұлттың санын көбейту бізге ауадай қажет. Оның жолдары қандай? Сырттағы 5 миллион қазақтың есебінен бе? Әлде «Ана капиталы» қорын құрып, елдегі алтын құрсақты аналарға жәрдем ақшаны көбейту жолымен бе?

Сауалдарға газет редакциясына хабарласу арқылы жүлдеге ие бола аласыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз