Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласының 1001 жылдығына орай жастар арасында «Жайдарман» ойындары өтіп, 13 команда әкім кубогын сарапқа салды. Талдықорған, Аягөз, Шымкент және Алматының жастары Алматы қаласының тыныс-тіршілігін ойындарына өзек етті. Бұл ойынға қазылық еткен саясаткер Айдос Сарым «забор ойын» болды деп атап өтті. Алматы қаласындағы өзгерістер, жол жөндеу жұмыстары, бүгінге дейін халықтың ығырын шығарған көлік кептелісі, мем. мекемелердің сыртқы қоршауларының алынуы “жайдарманшылардың” басты нысанына айналды. Әсіресе интеллектуал ойын көрсеткен «IT құрамасы» көрермендер, қазылар тарапынан оң баға алып, бас жүлде (500 мың) мен әкім кубогына ие болса, 2, 3 орындарды «Шымкент жастары» мен «Tom & Jerry» құрамалары бөлісті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз