man and woman hand closeup with home keys representing buying and selling new apartment and real estate concept

И ENERGYPROM.KZ: «Қазақстандықтар жарты жылда риелторларға 390 млрд теңге төлеген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп. Бір айдың ішінде 19,5 мың сату-сатып алу келісімшарты жасалыпты, бұл — былтырғы жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп»,— деп хабарлайды. Алғашқы жарты жылдықта жылжымайтын мүлік бойынша қызмет көрсету 390,35 млрд теңгеге жеткен, өткен жылмен салыстырғанда 7,8 %-ға көп. Риелторлық қызметтің 40 %-ы Алматыда (154,85 млрд теңге +10,5 % бір жылға), Астанада 20,8 %-ы (81,11 млрд тг, +10,4 %) көрсетілген. Облыс бойынша риелторлардың қызметіне жүгінуден Қарағанды облысы көш бастап тұр – 21 млрд теңге, бірақ бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 21 %-ға аз. Риелторлардың да жұмысы қызып тұр. Шілде айында тұрғын үйді сату-сатып алудың 19,5 мың келісімшарты жасалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,1 %- ға көп. Айта кетерлігі пәтерге деген сұраныс жеке тұрғын үйге қарағанда көбірек. Тұрғын үй бағасы өткен жылмен салыстырғанда біршама арзандаған. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының арқасында көптеген қазақстандық қолжетімді бағада тұрғын үйге қол жеткізген. 8 екінші деңгейлі банк жылына 16 %-бен ипотекалық заем бере бастады, оның 10%-ын жылжымайтын мүлікті сатып алушы өтесе, 6%-ын мемлекет қайтарады. Бұл бағдарламаның ерекшелігі сол, жаңа үйлерді ғана пайдалануға береді. Ол қолданыста болған тұрғын үй бағасының түсуіне ықпал етті. Риелторлар қолданыста болған тұрғын үйлер бір жылда 15-тен 17 %-ға дейін төмендейді деп болжап отыр. Ал жаңа үйлердің бағасы керісінше өседі дейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз