ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов: «Республика  бойынша 11,6 млн гектар алқаптың астығы жиналып, 14,7 млн тонна дәнді дақыл бастырылды. Бұл былтырғыдан  2,4 млн гектарға немесе 16 пайызға артық. Ел бойынша барлық егістік алқаптың 76,7 пайызы жиналды. Оңтүстік, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында масақты дәнді-дақылдарды жинау аяқталды. Солтүстік өңірлерде 10,6 млн тонна астық жиналды (Ақмола облысында 3,5 млн, СҚО-да 3,3 млн, Қостанай облысында 3,8 млн тонна астық бастырылды). Арпаны жинау бойынша 1,8 млн гектар жер (жалпы аумақтың 86 пайызы) жиналып, 2,7 млн тонна өнім алынды (былтырғыдан 10 пайызға артық). Бақша дақылдарын  жинауда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында егістік алқабының 76 пайызы жиналып, одан 3,1 млн тонна өнім алынды. Қант қызылшасы былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық жиналады деп күтілуде»,— деп мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз