Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен Парламент Сенатының Бюро отырысында үшжылдық республикалық бюджетті, Салық кодексі мен кеден заңдарын жетілдіру, Ұлттық Банкінің екінші деңгейге қатысты бақылау өкілеттіктерін күшейту, сақтандыру жүйесін дамыту, дәрі-дәрмек айналымын реттеу, мемлекет мүдделері мен ақпарат қауіпсіздігін қорғау және құқық қорғау органдарын реформалау мәселелерін қарады.. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті — «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобалары бойынша Бас комитет болып белгіленді. Бюро мүшелері «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өткізуге әзірлікті талқылады. Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті ұйымдастыратын шараны 22 қыркүйекте өткізу жоспарланды. Бюрода сенаторларды халықаралық парламенттік ұйымдарға және шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарына жіберу, сондай-ақ Сенаттың 2017 жылға арналған негізгі шаралар жоспарына өзгерістер туралы мәселелер қаралды. Отырыс соңында Қ.Тоқаев: «Біздің барлық жоспарлы жұмыстарымыз Президент айқындаған заңдарды алдын ала мұқият пысықтауға бағытталуы керек»,— деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз