Астанада өткен Жер Кодексіне енгізілген жаңа өзгерістерге байланысты баспасөз конференциясында журналистердің сауалына жауап берген ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жер қатынастары мен жерге орналастыруды дамыту басқармасының басшысы Жанар Қаржанова: «Өздеріңіз білетіндей қоғамдық пікір туғызған мәселелер бойынша қолданыстағы мораторий мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылып, ауылшаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жеке меншікке және шетелдіктерге жалға беруді тоқтата тұратын өзгерістер енгізілген болатын. Ал бұрыннан пайдаланып келе жатқан шетелдіктер өз істерін жалғастырып жатыр. Нақтылап айтар болсақ, 65 мың гектар жерді шетелдіктер пайдаланып отыр. Әрине, олар қазақстандық шаруалармен бірлесіп пайдаланып отырғанын да айта кету керек. Министрлік ауыл шаруашылығы жерлерінің ең көп мөлшерін айқындау үшін тиісті Есептеу әдістемесін әзірлеуде, онда республиканың әрбір өңірінің жағдайы мен ерекшелігі ескерілетін болады. Қазіргі кезде Республика бойынша алаңы 25 мың га жоғары субъектілердің саны — 301 (оның ішінде астықты өңірлерде – 225); 25-50 мың га дейін – 232 субъект; 50 -70 мың га – 32 субъект; 70 мың га – 37 субъект»,— деген ақпарлармен бөлісті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз